Іс-шараға «Мөлдір бұлақ» балалар журналының орынбасары, белгілі ақын Саят Қамшыгер мен Орталықтандырылған кітапхана жүйесінен № 30 кітапхананың кітапханашысы Сатылғанова Шырын қатысты.


№32 жалпы білім беретін мектептің директоры А. Хасенова ханымның тікелей қатысуымен осындай балаларға рухани азық беретін игі шаралар жиі өтеді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Сатыбаева Нұржан, Қыдыралиева Сымбат ханымдар қазір қос мектептің ісін жүйелі жүргізіп келеді. Қазақ тілінің әдістеме бірлестік жетекшісі Шайкенова Гүлдария, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Тастағанова Гүлзағира, Қожахметова Гүлшат сияқты тәжірибелі ұстаздар балалардың тілін ұстартып, олардың сапалы білім алуына атсалысып келе жатқанын ерекше айта кету керек.
Осы кездесуде музыкалық жетекші Ботбаева Жанардың жетекшілігімен бастауыш сынып оқушылары тіл туралы өлеңдер оқыды және Өтебай Нұрым, Мансұрова Фариза, Исламбаев Абылай сияқты өнерлі жеткіншектердің орындауында ән шырқалып, күй шертілген шағын концерт те қойылды.
Салынғанына екі жылдан енді асқан жаңа мектепте балалардың білімге деген ұмтылысы мен ұстаздардың шәкіртке деген махаббатымен қоса ата-аналармен тығыз жұмыс жасайтыны айқын көрініп тұрды.
Айман Рамзия

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз