Өз ана тілін менсінбейтін шенділерге ескерту жасаған белгілі саясаттанушы Расул Жұмалы: «Елдегі кейбір шенеуніктер мен ықпалды азаматтар бөгде тілде сөйлегендіктен қазақ тілі қудаланып жатыр.  Биыл Қазақстанның мемлекеттік тілі Қазақ тілі деп жарияланғанына 28(!) жыл толды. Алайда көргеніміз —  баяғы жартас бір жартас: Бөгде тілдегі министр, әкім, депутат, қоғамға қызмет, ақпарат, теледидар, мәдениет, т.б. Бұл аралықта совет шекпенінен шыққан бар республикада мемлекеттік тіл жаңғырды, құтты орнына жайғасты, жалғыз бізде Қазақ тілі қудалануда. Әйтпесе Қазақша қызмет сұраған азамат неге сотталады, енді бірі ондай талабы орындалмағанда неліктен аштық жариялауға бекінеді? Қазақстандай өз тілінің жанашырын қорлаған ел бар ма әлемде? Расы сол, билік үндемесе де, заман өзгерді, халықтың санасы мен намысы оянды. Шыдамның да шегі бар. Айтпағым біреу-ақ: «Шенділер осылайша Ата заң мен Қазақ тілін менсінбеуін доғармаса, түбі жамандық болады»,— дейді өз жазбасында.

 

Саясаткердің Facebooк желісіндегі парақшасынан

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз