Су қоймаларын аралауға шыққан Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев Сазды су қоймасына баратын жаңа жолдың сапасын көргенде,  шошып кетті. Бір шақырымдай қашықтыққа 17 миллион теңгеге жол салғызғанын мақтанышпен айтқан шенді əкімнен сөз естіді. Өңір басшысы: «Мынау жол ма? Бұл ертең-ақ шашылып қалады. Қараңдар, мынау жарамайды. Менің аяғыммен басқанның өзінде үгітіліп жатыр», — деп, жолдың сапасын аяғымен түртіп, қолымен ұстап та көрді. Ақтөбе су шаруашылығы мекемесін 30 жылдан бері басқарып келе жатқан директор Бекзат Наметов: «Жолдың сапасы қалыпты. Бұл жол осылай тұрады. Машина жүрмейді, тек адам жүреді. Бұл жолдан тек жеңіл машиналарды ғана өткіземіз»,— деп, бір сөзді қайталаудан танбады. Айта кетерлігі, сапасыз жолдың салынғанына бір апта ғана уақыт болған-ды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз