Соңғы бес жылда Қытайда билеуші ​​партияның жемқорлықпен айыпталған 1,34 миллион шенеунігі жазаланған. Бұл туралы 8 қазан күні Қытай Коммунистік партиясының тәртіптік инспекция бойынша Орталық комиссиясы мәлімдеді деп хабарлайды Dw.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ. Сыбайлас жемқорлықпен айналысқандардың ішінде 648 мың адам ауыл мен аудан деңгейіндегі шенеуніктер екені анықталды. Заңбұзушылар қандай жазаға іліккені әлі жария етілмеді. 2012 жылдың қараша айынан бастап Қытайдың қадағалау органдары елдегі 155 мың партиялық ұйымды тексеріп, 65 мыңға жуық күдікті істерді тергеуге жіберген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз