Үкімет отырысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 2017 жылы депутаттардың, әскерилер мен полицейлердің жалақысын көбейтуге 33,1 млрд теңге қарастырылғанын айтып, 2017 жылғы республикалық бюджеттің шығыны 11 трлн 191,5 млрд теңге болатынын атап өтті. Өз есебінде Бас қаржыгер: ««Бюджет шығындарының өзгерістері 2 блок бойынша жүргізіледі. Біріншісі – елбасы бастамаларын жүзеге асыру, президенттің тапсырмалары және халықаралық міндеттемелерге 89,4 млрд теңге қарастырылған. Әскерилердің, ішкі істер органдары қызметкерлері және депутаттардың жалақысын өсіруге 33,1 млрд теңге қарастырылған»,— деді. Дұрыс-ақ, бірақ, сонда көкейге: «Депутаттар мен полицейлер бәйбішеден, қалған қоғам жіктері тоқалдан туған ба?  Бұл нендей алалаушылық?»— деген сауал келе береді екен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз