Парламенттегі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ляззат Ақтаева: «Міндетті медициналық сақтандыру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету 2020 жылдың 1 қаңтарына қалдырылды. Алайда жұмыс берушілердің қорға 1,5 пайыз есебінде қаржы құюуы жүйелі түрде жалғасады. Ал жеке азаматтардың төлемі 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін шегерілді. Бүгінгі күні 3 миллионға жуық адамның нақты статусы анықталмаған. Тиісінше, олар мемлекет есебінен төленетін категорияға да жатпайды. Өзін-өзі қамтамасыз ететін бұл топ арасында жеке кәсіпкерлер, жалданып жұмыс істеп, алайда, әлеуметтік төлемдері жүрмейтін адамдар бар. Алдағы 2 жыл ішінде осы топтың нақты статусын анықтау жоспарланған. Әйтпесе осынша көлемдегі халықтың жоспарлы медициналық көмектен қағылу қаупі бар. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыу бойынша ақша төленбесе, жалпы жоспарлық медициналық көмекке ақша төлемеген адамдардың құқығы болмайды. Сондықтан осындай қауіп болғаннан кейін біз соған келісіп отырмыз. Сондықтан бүгін заңға осындай өзгерістер енгізіліп жатыр. Құқықтық сипаттамада жалданып жұмыс істейтіндердің төлемдерін 5 пайыздан 1 пайызға дейін төмендету ұсынылып отыр. Жиналған қаржы халық банкіне беріліп, екі жыл бойы банк шешімімен инвестицияланатын болады. Мамандар қаржының қауіпсіздігіне тікелей банк жауапты деп сендірді. Бүгінгі күні қорға шамамен 17 миллиард 300 миллион теңге жиналған»,— деп хабарлады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз