Қазақ тілінде еркін сөйлейтін парламент мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских шаңырақ көтерді. Парламенттегі ең жас депутат Геннадийдің таңдаған жары — қазақ қызы, есімі — Мөлдір. Екі жастың тойы Қызылорда қаласындағы «Орда» мейрамханасында өтіпті. Геннадийді ата-анасы мен отбасындағылар Алтынбек деп атайды. Ол қазақ тілінде еш мүдірмей сөйлейді. Өзінің айтуынша, тіпті қазақша ойлайтын көрінеді. Бұл жолы ата-анасы Мұрат пен Баян Геннадийге қалыңдықты қазақы дәстүрмен құда түсіп, алып берген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз