Жетісу ауданындағы № 148 мектеп – гимназияда «Рухани жаңғыру – кемел келешек кілті» тақырыбындағы әдеби сазды кеш өтті.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Өмір сүру үшін өзгере білу керек, оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді. Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғы шарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық – рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» атап айтты.
Мемлекет басшысының игі бастамаларымен жүзеге асқан «Мәдени мұра» және «Халық – тарих толқынында» бағдарламаларының заңды жалғасы сияқты, Мәңгілік Ел мұратын жүзеге асырудың түп негіздерін көрсетіп берген тұжырымдамалық бағдарлама ретінде қабылдадық. Бұл халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар екеніне күмән жоқ.Нағыз ұлттық жаңғыру тек Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгенде ғана, Елбасының ұзақ мерзімді стратегиясының негізінде басталды деп айтуға болады.
Кеш салт-дәстүрімізді дәріптеп, оны өсіп келе жатқан ұрпаққа салт -дәстүрлерімізді дәріптеу мақсатында, тұсау кесу рәсімімен бастау алды.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында біздің мектебімізде өткізіліп отырған кездесу кешіне: Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы – Шайхутдинов Еренғайып Мәлікұлы, Қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары – Моисеева Алевтина Федоровна, Алмалы ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы – Амирханов Жақсылық Нұртазинұлы, Алатау ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы – Қабдолдин Құдайберген Назарұлы, Әуезов ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы – Ибраева Батима Сапиқызы, Бостандық ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы – Біржанов Хамит Біржанұлы, Жетісу ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы – Умралиева Сәния Әлденқызы, Медеу ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы – Серикбаев Ким Серикбайұлы, Түрксіб ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы – Байгутдинова Галия Асқарқызы, Наурызбай ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы – Каркенов Мәдениет Тастамбекұлы және Жетісу ауданының ардақты ардагерлері мен аудандық білім бөлімінің басшысы – Салтанат Құсайынова қатысты. Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі інілеріне ізеттілігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген қарттарымыздың орны ерекше екендігі кездесу кешінде сөйлеген әр ардагердің бойынан көрініп тұрды.
«Тарихым сырын – шертеді» атты сахналық қойылым, «Батырлары елімнің», «Туған ел», «Мама», «Балдаурен тобының «Қазақ елім» әндері көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Кездесу кешін мектеп-гимназиямыздың директоры, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Үздігі, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері Алиакбарова Фатима Маметқалиқызы қорытындылап, қонақтарға ризашылығын білдірді.
Ыдаят Мырзабаева, Әсем Айтбаева, №148 мектеп – гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз