Қырғызстан парламенті Қазақстанмен жасалған 100 миллион доллар көмек туралы келісімнің күшін жою жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған болатын. Осыған орай Қырғызстан бас тартып жатқан қаражаттың қайда жұмсалатыны туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов: «Біздің парламент қырғыз еліне 100 миллион доллар көмек беру туралы келісімді ратификациялаған болатын. Енді оның күшін жою үшін бізге ішкі процедураларды жүргізу керек. Барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін бұл қаражатты қайда жұмсау қажеттігі жөнінде шешім қабылданады. Келесі жылы ақпанда бюджетті нақтылау кезінде осы мәселе қарастырылуы мүмкін», — деп мәлімдеді. Биылғы жылдың шілдесінде Қырғызстанға беру туралы шешім қабылданған 100 миллион доллар көршіміздің Еуразия экономикалық одағына қосылуына байланысты іс-шаралары жүзеге асыру үшін ұсынылған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз