tengrinews.kz сайтынан

«Елімізде күні 30-32 мың теңгелік еңбекақыға қарап отырған адамдар жетерлік. Өкініштісі, халықтың басым бөлігінің жағдайы осындай. Мұндай жалақы олардың қосымша табыс табатын жерінен алатын айлығы емес, тұрақты істейтін жұмысынан табатын тиын-тебендері. Елде еңбекке қабілетті буынның дені орташа персоналға жатады. Бұл тізімге санитарлық қызметші, медбике, еден жуушы, аула тазалаушы, күзетші, хатшы, т.б. кіреді.  Бірақ, аталған кәсіптерді адал атқарып жүргендердің қызметі әділ бағаланбайды. Мәселенің түйіні, міне, осында»,— деген Арай есімді үш баланың анасы: «Балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып еңбек етем. Бес жылдық тәжірибем бар маманмын,  1,25 ставкамен жұмыс істеймін. Таңғы сағат 8-ден кешкі 7-ге дейін тыным таппай жұмыс істегенде алатын жалақым —32 мың теңге. Одан балаларға күнде тамаққа, жолдарына беру керек. Оның барлығы ақша. Басқа жұмыс жоқ болғасын қайтеміз енді, осыған да «шүкір» деп жүрген жайымыз бар»,— дейді. Тапқан-таянғаны ішіп-жеміне жетпей жүргендер қатары мыңдап саналары кәміл. Ал, біздің биліктегілер болса: «Елдегі орташа еңекақы мөлшері 128 мың теңге, ТМД елдері арасында көш басында тұрмыз»,— деуден танбайды. Сондай кезде: «Ол ақша мөлшері кімдердің, қандай мамандық иелерінің жалақысы көлемімен белгіленген екен?»— деген заңды сауал туындайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз