АҚШ-тың Техас штатындағы Сазерленд-Спрингс қаласында 20 адам оққа ұшып, 24-і жараланды. Оқиға баптистер шіркеуінде болған көрінеді. Жергілікті БАҚ хабарына қарағанда, қаскөйдің өзі сол маңда көліктен өлі күйінде табылса керек. Полиция өкілдері: «Оны жергілікті тұрғындардың бірі атқан болуы мүмкін. Оның кім екені және бұл қадамға не үшін барғаны әзірге анықталған жоқ. Белгілісі — ақ нәсілді, 25 жас шамасындағы ер адам. Куәгерлердің айтуынша, қаскөй мылтығын қайта-қайта оқтап, шіркеуге келгендерге бірнеше мәрте оқ атқан»,— дейді. Бұл оқиға туралы Азия елдерінде сапарда жүрген АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-дегі парақшасында: «Техастағы Сазерленд-Спрингстегі адамдарға құдай жар болсын»,— деп жазды. Шіркеу маңы қазір қоршауға алынған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз