РИА Новости: «Қырғызстан президенттігінен кеткелі жатқан Алмазбек Атамбаев БАҚ өкілдерімен кездесуі барысында: «Құрметті журналистер, егер қатты кетсем, кешіріңіздер. Кейде менің қатты айтып жіберетін жаман әдетім бар: тек сіздерге ғана емес, басқаларға қарата да. Егер сондай абайсызда айтылған сөзіммен әлдебіреуіңізді ренжітсем, тіпті менікі дұрыс болса да, сіздерден кешірім сұраймын. Мен келесі президенттеріміз ұстамдырақ болады деген ойдамын. Соңғы алты жыл тым ауыр болды, жүйкеміз де темірден емес қой, кейде осылай сыр беріп қояды. Бірақ, мен шама шарқымша тек шындықты айтуға тырысамын. Базбірде соныммен басқаларға ұнамай қаламын. Баршаңыздан тағы да кешірім өтінемін»,— деді деп хабарлайды. Сірә, осы сөзімен Атамбаев кезінде Қазақстан тарапына қатысты қатты айтқан пікірлерін жуып-шайғысы келген сынды. Еске сала кетсек, Қырғызстандағы президент сайлауы 15-і қазанда өтіп, сайлау қорытындысы бойынша елдің экс-премьері Сооронбай Жээнбеков жеңіске жеткен болатын. Жаңа президенттің ұлықтау рәсімі 24 қараша күні өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз