Мемлекет басшысы Словения Республикасының бұрынғы Президенті Данило Тюркпен кездесті. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Данило Тюркке Астана клубының отырысына қатысқаны үшін ризашылық білдірді. Д.Тюрк Астана процесі аясында өтіп жатқан Сирия жөніндегі бейбіт келіссөздердің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Н.Назарбаев Чехия мен Түркияның бұрынғы президенттері Вацлав Клауспен және Абдолла Гүлмен кездесті. Кездесу барысында тараптар жаһандық экономикалық және саяси үдерістердің қарқынды дамуына қатысты пікір алмасты. Қазақстан Президенті нарықтық экономиканы дамыту мәселесі бойынша тәжірибе алмасудың маңызды екенін айтып, қонақтарға Астана клубының отырысына қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз