Қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен өтуі тиіс екінші кездесу жайлы пікір білдірген мексикалық Сауль «Канело» Альварес: «Бұл жекпе-жектің өтетіні не өтпейтіні туралы, оның мамырда не қыркүйекте болатынын, не болмайтынын әзірге ешкім де анық білмейді. Бір ғана анық нәрсе бар — бұл менің дәуірім, «Канелоның» дәуірі» екендігі. Шынымды айтсам, менің әзірге демалғым келеді. Фанаттардың не қалағаны болса да, адамдар менен не сұрағысы келсе де, біз оны істейміз», — деп мәлімдесе, оның проумоутері Оскар де ла Хойя BOXEO арнасына берген сұхбатында: «Бәрі жуырда болады. Біз келіссөздерді желтоқсан айында бастаймыз. Бұл «Канело» қалаған жекпе-жек болатыны анық. Қарымта жекпе-жек 5 мамыр немесе қыркүйек айында өтеді деп жоспарлануда», — деген-ді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз