ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында тілшілердің бірі: «Тәуелсіздік алғанымызға 25 жылдан асса да, ШҚО-да көптеген көше атауы әлі күнге дейін орыс тілінде. Бұл атаулар қашан қазақшаланады?»— деген сауал қойды. Бұл сауалға жауап берген Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов: «Орыс тіліндегі атауларды қазақшалағанда әр елді мекеннің мүддесі ескерілуі керек. Глубокое ауданында бірқатар атаудың орыс тілінде екені рас. Шемонаиха ауданында да жағдай осындай. Әрине, біз ономастикамен айналысуымыз қажет. Түптің түбінде, елді мекендеріміз тарихи атауын алады. Бұл Глубокое ауданы, Шемонаиха, Зырян аудандарына да қатысты. Бірақ ескеретін жайттар да бар. Мәселен, Шемонаиха ауданында тұратын тұрғындардың 20 пайызы қазақтар, 80 пайызы басқа ұлттар. Сондықтан біз объективті болуымыз керек. Сол аудан халқының мүддесін ескеруіміз керек. Қазір осы бағытта жан-жақты талдау жүргізіп, атауларды қазақшаға ауыстыру мәселесімен айналысып жатырмыз. Әлбетте, бұл жұмыстар біраз уақытты алады», — деп, елді мекендердің атаулары дәл қашан ауыстырылатындығы туралы нақты мерзімді атамай құтылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз