TRT

Астана қаласының «Шапағат» базарында орналасқан дүңгіршектердің бірінде жергілікті атқарушы органның келісімінсіз діни әдебиеттер сатылған. Баспасөз қызметі мәлім еткендей, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1 тармағының 3 тармақшасына сәйкес, әлгі адамдар  әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар оларға 50 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған. Қаулы заңды күшіне енді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз