ҰҚК баспасөз қызметі: «Жақында Алматыда, Астанада және Степногорскіде Қытайға алтын концентраттарды заңсыз тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Қамауға алынғандар арасында Қытай елінің құзырындағы бір азамат бар. ҰҚК қызметкерлері тінту барысында қоймалардан шикізатта қымбат металдардың бар-жоғын анықтайтын заңсыз зертхананы тапты. «Алтынкөл» стансасында құрамында алтын бар 106 тонна рудадан құралған екі вагон тоқтатылды»,— деген хабар таратты. Тергеудің өзге мәліметтері құпия сақталуда. Ал, Алматы қалалық сотына сілтеме жасаған Sputnik Қазақстанның мәліметіне сүйенсек, контрабандалық концентраттың құны 33 млн 116 мың теңге екен. Қылмыстық топ құрды деп күдіктелген азаматтар қамауға алынған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз