*Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау комитеті: «Қазақстан билігі Қырғызстан кондитерлік өнімдерін әкелуге және сатуға салынған шектеуді алып тастады. Шектеу Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі санитарлық эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастырып, бақылауды күшейткеннен кейін алынды»ә,— деп хабарлайды.

* ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев пен Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев БАҚ жетекшілерімен кездесті. Бейресми кездесу барысында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы талқыланды.

* Салық заңнамасына түзетулер енгізілгеніне сәйкес, 2018 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар (нотариустар, адвокаттар және т.б.) табыстары болмаған кезде 2 АЕК мөлшерінде әлеуметтік салық төлейді. Кәсіпкерлер табыс таппаcса, әлеуметтік салық төлемейді. Бұрын кәсіпкерлердің әрқайсысы мемлекет тарапына ай сайын әлеуметтік салық төлеп тұруға міндетті болған.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз