Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығына қатысты статистикалық мәліметтерін бөліскен елдегі танымал сервистердің бірі HeadHunter-дің өкілі: «Елде орташа есеппен бір жұмыс орнына екі адамнан келді. Ал жұмыс берушілер өз кезегінде 2016 жылмен салыстырғанда қызметкерлеріне көбірек жалақы төлеуге дайын болды. 2017 жылы жұмыс беру саласында айтарлықтай өзгеріс болмады. hh.kz сайты жүргізген анализ нәтижесінде жұмыс іздеушілердің түйіндемелерін «Мансап жолының басы» бөлімінде орналастырғандары белгілі болды. Екінші және үшінші орында «Сауда-саттық» және «Бухгалтерия» салалары тұр. «Мемлекеттік қызмет», «кеңес беру» және «үй персоналы» салалары мамандарының белсенділігі төменірек болды. 2016 жылы аутсайдерлер тізіміне «сақтандыру», «инсталляция» және «үй персоналы» салалары енді. 2017 жылы hh.kz сайтында ең жоғарғы жалақысы бар вакансияны Алматы және Астана қалаларының жұмыс берушілері ұсынғаны белгілі болды. Жұмыс берушілер «бас директор» қызметіне тұрушыларға 6,6 млн. теңге немесе 20 мың доллар көлеміндегі жалақы ұсынды. Бұл қызмет көптеген міндетті қамтиды әрі асқан жауапкершілікті талап етеді. Оның үстіне жұмыс кестесі де ретке келтірілмеген. Сол себепті, мұндай қызметкерлер жалақысының жоғары болатыны сөзсіз», — деген түсінік берді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз