КТК арнасы: «Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге қарызын төлей алмай қалғандарды үйінен қуып шықпай, басқа жолдарын қарастыруды ұсынып отыр»,—  деп хабарлайды.

ҰБ халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бөлімінің бастығы Мениса Хуснутдинова: «Олар қазіргі уақытта бұл мәселені оң шешудің басқа қандай жолдарын табуға болатынын қаржы ұйымдарымен бірігіп қарастыруда. Қаңтардың басында ғана елбасы Ұлттық банкке ипотекалық қарызын өтей алмай жүргендердің мәселесін шешу жөнінде тапсырма берген болатын. Президент тапсырмасы бойынша, тек 2016 жылға дейін берілген ипотекалар мәселесі қарастырылмақ. Осы кезден бастап банктер ипотекалық қарызы барларды үйлерінен шығаруды тоқтатты. Осы күнге дейін 23 мың қарыз иесі қайта қаржыландырылып, баспаналарын сақтап қалды. Алдағы уақытта бағдарлама бойынша тағы 25 мың ипотеканы қайта қаржыландыру жоспарланып отыр», — дейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз