«Рейтер» агенттігіне берген сұқбатында елдегі оппозиция көшбасшысы Жамил Хасанлы: «Әзірбайжанның оппозициядағы Демократиялық күштердің Ұлттық кеңесі мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуге байкот жариялады. Мұндай мәлімдеме жасауға ел президенті Илхам Әлиевтің 17 қазанға белгіленген президент сайлауын уақытынан бұрын, 11 сәуірде өткізу туралы жарлыққа қол қойғаны түрткі салды. Оның үстіне Илхам бұл қадамға не себеппен барғалы отырғанын түсіндірмей, сайлауды уақытынан бұрын өткізу мемлекеттің Конституциясына да, Сайлау туралы заңына да қайшы келмейтінін ғана айтты»,— леп мәлімдеді.

Президент кеңесшісі Али Хасанов сайлау уақытының басқа халықаралық және ішкі маңызды мәселелермен тұспа-тұс келіп қалмауы үшін ауыстырылғанын айтса, оппозициялық «Мусават» партиясының жетекшісі Ариф Хажылы: «Мұны Әлиевтің президенттігін тағы да 7 жылға созудың әрекеті деп бағалаймын. Биліктің бұл әрекеті оппозициялық күштердің сайлауға дайындалу мүмкіндігіне шектеу қою»,— деді. Сарапшылар болжамы: «Бұл — президенттің Әзірбайжанның экономикалық тұрақсыздығына алаңдауы, соған орай  халық назарын сайлау өткізуге бұрғысы келгендігіі»,— деуге келіп саяды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.