«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы «мемлекеттік мекемелердің ғана емес, ұлттық компаниялардың да жұмысы ашық болуы керек» деген мәселені көтерді.

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметі алаңында айтқан палатаның басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов: «Ұлттық холдингтердің жұмысына қатысты көптеген шағымдар бар. Тендерлердің ашық өтпейтіні өз алдына, кадрларды қалыптастыруда да түсініксіз тұстар көп. Оларда жемқорлық көп. Тендерге қатысты ашықтық жоқ. Тіпті, жұмысқа қабылдау мәселесінде де сұрақтар баршылық. Біз осы жылы корпоративтік жемқорлық мәселесін көтергіміз келеді әрі сыбайлас жемқорлықпен күреске барша қазақстандықтардың ат салысуын сұраймыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне БАҚ өкілдерін осы бағытта оқыту курстарын ұйымдастыруды ұсынамыз.

Яғни бюджетті дұрыс түсіну, журналистік зерттеу жүргізу мен материал дайындауға бағыттайтын орын болуы керек. Тұрғындар тек сөз жүзінде қалмай, жемқорлыққа қатысты фактілерді анықтап, тиісті шағым-өтініштерді мемлекеттік қызмет істері бойынша агенттікке жіберуі қажет. Сондай-ақ, біз Мысалы, өткен жылы жемқорлық әрекет туралы хабар берген қазақстандықтар 30 миллион теңгеден астам сыйақыға ие болды. Ақшалай марапатты 226 адам алған. Бұл шараға белсене қатысуға дайын азаматтардың үлесі 12 пайызға артты»,— деді.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз