Күндегі тіршілікпен жүріп жақындардың бір-біріне көңіл бөлетін уақыттары болмай жатады. Ал бұл ерлі-зайыптылар үшін маңызды, әсіресе әйел адамдарға. Себебі, әйелдер жарының өзіне көңіл аударып, жылы сөзін естігенді ұнатады. Сондықтан 5 минутыңызды бөліп, әйеліңіздің бақытты болуына себеп болатын келесі кеңестерімізге назар аударыңыз:

  1. Үйге келгенде «Қалың қалай? Бүгінгі күнің қалай өтті?» – деп сұрап қойыңыз.
  2. Әйеліңізге оны бағалайтыныңызды, сыйлайтыныңызды айтыңыз.
  3. Жұмыс уақытында қоңырау шалып жағдайын сұрап қойыңыз.
  4. Ара-тұра сыйлық жасап тұрыңыз. Мәселе оның қымбаттылығында да, үлкендігінде де емес. Бір тал гүлдің өзі жарыңызды қатты қуантады.
  5. Киіміңізді таза ұстап, сырт келбетіңізге мән беріңіз. Бұл әйеліңізге деген құрметтің белгісі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.