Түпкі тарихи мәдениеті тереңге жайылған славян жұртшылығының ежелгі «Масленица» халықтық мерекесі – ызғарлы айлардан кейін көктемнің жаңа кейіпке енген кезеңімен тұспа-тұс келді. Атырау облыстық этномәдени бірлестіктерінің ұйымдастыруымен атаулы мереке қаламыздың мәдени орындарында өткізілді.

Бұл күні «Масленицаны» шығарып салуға бүкіл қала тұрғындары алаңға жиналды.

Іс-шараны «Былина» орыс, «Светоч» славян,  орыс, слявян, казактар Қауымдастығының Атырау облысындағы филиалының этномәдени бірлестіктері ұйымдастырды.

«Светоч» славян этномәдени бірлестігі түске дейін Атырау қаласының «Ретро парк» алаңында  ұлттық ойындар  ұйымдастырып, мәдени іс-шара өткізді және пісірілген  ыстық құймақтар мен тәттілер таратты. Сонымен қатар қол өнер көрмесі жайылды .

Мерекелік  іс-шарада «Светоч» славян этномәдени бірлестігінің төрайымы  Р.Биткова – «Көп ғасырлық тарихы бар «Масленица» халықтық мереке ретінде ерекше мәнге ие екендігін айтып өтті.  Оның барлық дәстүрін қысты шығарып салу сәтімен және көктемнің жаңғыруымен тығыз байланыстырамыз. Осы кезде салттық мәнге ие болған албыраған дөңгелек іспетті ыстық құймақтың да өзіндік мәні бар» деді.

Сондай-ақ, Атырау қаласының тұрғындары түстен кейін облыстық «Былина» орыс әтномәдени бірлестігі ұйымдастырған Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде Ресей Федерациясы Астрахан қаласынан келген «Былина» орыс ұлттық аспаптар ансамблінің концертін  тамашалады.

Іс-шарада Атырау облыстық «Былина» әтномәдени бірлестігінің төрағасы  А.Короблев келген делегацияға қош келдіңіз айтып, мерекемен құттықтап,  Ресей Федерациясы Астрахан қаласының делегациясына  Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатын табыстады.

«Масленица» мерекесі ерте заманнан бері қыстың аяқталғанын білдіретін салттардың бірі, көктем ерте шығып, жылы да  шуақты болу үшін қысты өртейді деген ұғыммен қалыптасқан.

Осындай көңілді, дүрмекті, барлығының басын қосқан мерекеге Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшылары мен қызметкерлері ортақ күш салысты.

Сондай-ақ,  атаулы мереке 18 ақпан күні жалғасын тауып, «Тамаша»  ойын-сауық алаңында «Светоч» славян этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен  «Масленица» мерекесіне арналған концерттік бағдарлама ұсынды. Мерекеге келген қала тұрғындары мен қонақтары «Ладушки», «Свиточ» және «Бастеньки» әндерін тыңдап,  ұлттық билерді тамашалады.

Осы күні облысымыздағы орыс, слявян, казактар қауымдастығының Атырау облысындағы филиалы мүшелерінің ұйымдастыруымен  Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде өз ұлттарының ұлттық ән-биімен сахна төрінде  өнерлерін  паш етті.

Сонымен қатар «Былина» әтномәдени бірлестігі  «Ретро парк» алаңында  қала тұрғындарымен қонақтарына арналған концерттік бағдарлама мен ойындар ұйымдастырды.

Жалпы  биылғы «Масленица» мерекесі  өте тамаша жақсы көңілді күйде өтті. Қатысушылар мен қала қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлаған «Масленица» есте қаларлықтай өтті.

Екі күнге созылған шара соңында  Атырау Қазақстан Телеарнасының тілшілері ұйымдастырушылардан сұхбат алып, өткізіліп жатқан шараны видеосюжеттерге түсірді.

 

                                                                          Атырау облысы әкімі аппаратының

                                                                             «Қоғамдық келісім» КММ-нің

                                                                               баспасөз қызметшісі

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз