1010 елді мекен қауіп құшағында

1010 елді мекен  қауіп құшағында

Синоптиктердің алдын ала болжамы бойынша су тасқыны қаупі бар аймақтар анықталған болатын. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында қатер қаупі жоғары. Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Мереке Пішембаев су тасқыны саласындағы ағымдағы жағдай туралы баяндама жасады. Ол 2023 жылдың басынан бері қатты жауын-шашын мен температураның күрт көтерілуінен 1 үй, 46 елді мекендегі 317 аула аумағы зардап шеккенін және 24 жол учаскесін су басқанын хабарлады. Бұл жағдайда ТЖМ күшімен су айдау, құм толы қапшықпен бөгеу және су кететін арналарды тазарту жұмыстары жүргізілді. Кездесуде еліміздегі су тасқыны жағдайына қарсы іс-қимыл туралы айтылған ұсыныстар салалық министрліктердің жұмысында, сондай-ақ депутаттардың заң шығару қызметінде ескерілетін болады.

Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы баяндалды. ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, Қазақстанда 227 елді мекен қауіпті аймақта тұр деп хабарлайды «Egemen.kz».  «ТЖМ басшысы хабарлағандай, бүгінде Қазақстанда 227 елді мекен қауіпті аймақта тұр. Су басу фактісіне үш себеп әсер етті. Бұл – қарды уақытылы шығару, тазартылмаған арықтар мен еріген сулар. Қазіргі уақытта су басу қаупі елдің солтүстік және батыс өңірлерінде сақталуда», – делінген ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.  «Жалпы, ел бойынша су тасқыны қаупі бар 1010 елді мекеннің 285-і үшін су басудың ықтимал қаупі сақталады. Бұл ретте қауіп 340-тан алынып, 385 елді мекен үшін барынша азайтылды. 31 наурыздағы жағдай бойынша қар жамылғысы 47% құрайды», – деп нақтылады ведомство. Биылғы жылы жылынудың алғашқы толқыны кезінде ШҚО, БҚО, Атырау облыстарындағы автомобиль жолдарының үш учаскесін су басу фактілері тіркелді. Екінші толқынның нәтижесінде қалың қардың еруіне байланысты Павлодар облысының Рождественка ауылындағы екі тұрғын үй, БҚО шалғын ауылындағы 25 үй мен екі әлеуметтік нысан (Қоскөл кентіндегі халықты эвакуациялау жүргізілді), Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы автомобиль жолдарының үш су шайып кетуі орын алды. Ақтөбе, Павлодар облыстарының, БҚО және СҚО әкімдері Смайыловқа су басқан аумақтарды қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Жазық жерлердегі су көлемі азайды, бірақ тасқын қаупі әлі де сақталады. Бұл туралы Үкіметте Экология және табиғи ресурстар министрі мәлімдеді. «Бүгінде Қазақстан аумағының 27%-ін қар жамылған. Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облысының оңтүстік бөліктеріндегі өзендерде су көлемі көп. ШҚО, Абай, Қарағанды, Ұлытау, Ақмола облыстары, СҚО өзендерінде және Қостанай облысының солтүстік жартысында су деңгейінің көтерілуі байқалады», – деді министр Ерлан Нысанбаев.  

Соңғы ресми жаңалықтарға 

көз жүгіртсек:

*Су тасқыны кезеңі басталғалы республикалық маңызы бар жолдарда 66 су тасу оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Көлік министрлігінің басшысы Марат Қарабаев мәлімдеді. 5 облыста ұзындығы 410 шақырымды құрайтын 6 жолда көлік қозғалысына шектеулер енгізілді. Су басу қаупі бар аумақтар мен жол құрылыстарына тәулік бойы мониторинг жүргізіліп жатыр, – деді министр. Сондай-ақ ол бірінші кезекте апаттық көпірлер жөнделетінін атап өтті.

*Бүгін Ақмола облысындағы «Макинск-Ақсу-Торғай» тасжолының 24-ші шақырымын су шайды деп хабарлайды 24KZ. Тасқын жол шетінде еріген қар суының жиналуынан туындаған. «ҚазАвтоЖол» мамандарының хабарлауынша, қазір жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалыпқа келтіру шараларына 11 адам мен 6 техника жұмылдырылған.

*Су тасқыны кезінде барлығы 15,7 мың адам құтқарылып, эвакуацияланды. Адам шығыны жоқ. Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Үкімет отырысында баяндады. Уақытша орналастыру пунктеріне 4,1 мың адам орналастырылған. Қазір су тасқыны қаупі бар өзге елді мекендерді су басуына жол бермеу жөніндегі алдын алу іс-шаралары күшейтілген. Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында күрделі жағдай сақталып отыр. Министрлік барлық күші мен құралын дереу жұмылдырып, аталған аймақтарға жіберді, – деді вице-министр.

*Қазақстанда су тасқынының салдарын жою бойынша шараларды үйлестіру жалғасып жатыр. Үкімет басшысына елдегі бүгінгі ахуалды Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов баяндап берді.

*Полиция қызметкерлері күшейтілген режимге көшті. 4 мыңнан аса маман су тасқынынан зардап шеккен аудан тұрғындарына көмектесіп жатыр. Қазір тәртіп сақшылары тұрғындарды эвакуациялап, бөгеттер орнатуда. Ал жалпы саны 14 мың полиция мен Ұлттық ұланның қызметкері қоғамдық тәртіп пен азаматтық қауіпсіздікті қамтамыз етуде.

*Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне барады. Жұмыс сапары 4 сәуірге жоспарланған. Мұны Президентінің кеңесшісі әрі Баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында хабарлады. 

*Тұрақтандыру қорындағы азық-түлік тауарларына су тасқынынан зиян келген жоқ. Қазір апатты аймақтарда 63 мың тонна азық қоры бар. Ал елдегі қоймаларда жалпы 110 мың тонна азық-түлік сақталған. Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин облыс әкімдерінің есебін тыңдап, қар суынан зардап шеккен аудандарда дүкендер мен сауда орындарының жұмысы қолға алынды.

*Астаналықтар тасқыннан зардап шеккен өңірлерге 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтті. Қазір қала бойынша бірнеше мекенжайда көмек жинау жұмыстары жалғасып жатыр. Яғни, алдағы уақытта тағы да ондаған жүк көлігі жолға шығады. Еліміздегі тасқын су басқан өңірлерге астаналықтар да көмек қолын созып жатыр. Қазір Астанада бірнеше гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылды. 

 

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
04.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 206
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 202
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 707
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 830
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 744

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8901
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8295
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11523
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9279
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10507