106 мәрте серкені көтерген балуанға аудан басшысы серкені тарту етті

106 мәрте серкені көтерген балуанға аудан басшысы серкені тарту етті

Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамы Жамбыл ауданында жоғары дәрежеде аталып өтуде. Аудан орталығы – Аса ауылында көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, ақ дастархан жайылды. Шараға аудан азаматтары белсенді қатысты. Тігілген киіз үйдің іші қазақи құндылықтарға, салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызға сай безендірілді. Жаңа жыл мерекесімен аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы жұртшылықты құттықтап, қазақтың төл тарихымен біте қайнасқан асық ату, қол күрес, күрес, серке көтеру, арқан тартыс және кіші футбол, теннис, волейболдан өткен турнирлерді аралады.

Аудандық орталық мешіттің алдына ағаш отырғызып, көпшілікпен бірге Алланың үйінде дұға тіледі. 

Шарада серкені 60 мәрте көтерген ақбұлымдық балуан көпшіліктің қошеметіне иеленсе, асалық жасөспірім, 50 мәрте көтеріп, болашағынан үлкен үміт күттірді. Аудан азаматтары ақбұлымдық балуанның күш-жігеріне тәнті болып үлгермеді. Алаңға шыққан асалық Ислам Тілеміс серкені 101 мәрте көтеріп, аудан басшысының ризашылығына бөленді.

Дегенмен өрнектік 21 жастағы балуан Бақдаулет Азизов 106 мәрте көтеріп, күш атасын танытты. Өз кезегінде өңір басшысы жас балуанға көтерген серкесін тарту етті.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
21.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Қандастарымыздың оралуына зор тосқауыл қоятын пилоттық жоба қайта қаралуы тиіс!
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.02.2026 181
Екі достың арасын не бүлдірді?
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 19.02.2026 186
Бізге қандай  өзгеріс қажет?
Болат ДҮЙСЕМБІ, экономист-саясаткер, публицист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі - 12.02.2026 264

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23623
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23278
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39827
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36761
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40932