2020-2025 жылдың жоспарына сәйкес, қайта жаңарту жұмыстары 473 шқ. құрайды

2020-2025 жылдың жоспарына сәйкес, қайта жаңарту жұмыстары 473 шқ. құрайды
  • Тұрғындардан жолға қатысты түсетін шағымдар туралы білесіздер. Қарапайым адамға ол республикалық деңгейдегі жол ма, әлде жергілікті жол ма, ешқандай айырмашылығы жоқ. Оған үйдің жанында, қалада, ауылда немесе елдімекендер арасында жақсы жолдар қажет.

Жол инфрақұрылымы – ел экономикасының маңызды әрі күрделі саласы.

Мемлекет басшысы былтырғы өз Жолдауында автожол құрылысына, оның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру, 2025 жылға дейін жергілікті маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі индикаторлық көрсеткіштерін 95% дейін жеткізуді белгіледі.

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қ.Мәдібектің  БАҚ өкілдерімен өткен брифингінде айтылды. 

Жалпы Жамбыл обылсында  пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен елді-мекен көшелерінің желісі бүгінде 10 084 шқ құрайды (республикалық, облыстық, аудандық, ауыл ішілік).

Оның 6041 шқ жақсы (59,9%), 2519 шқ. қанағаттанарлық (24,9%), 1524 шқ нашар жағдайда (15,1%).

Бүгінгі таңда 357 жобаның шеңберінде 690,5 шқ жол жөндеу жұмыстары іске асырылуда.

Оның ішінде 671,0 шқ жолдарды орта жөндеу1 көпір мен 16,5 шқ көше жолдары құрылысы және 3,0 шқ жолды қайта жаңғырту жоспарланған.

«ҚР көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы» аясында – облыстық және аудандық мәні бар жолдар бойынша 34 жоба немесе 164,2 шқ. жөнделеді.

Жөндеу жұмыстары толық аяқталған соң жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 99% – ға (жақсы 65%, қанағаттанарлық – 34%,) жеткізу межеленген.

Елді-мекен көше жол желісі бойынша жалпы ұзындығы 5726 шқ. құрайды, оның 3321 шқ жақсы жағдайда болса (59%), 1203 шқ. қанағаттанарлық (20%) жағдайда. Қанағаттанарлықсыз жағдайда 1202 шқ. (21%) құрап отыр. Ағымдағы жылы: «Ауыл-Ел бесігі»,  «Өңірлерді дамыту», «Моноқалаларды дамыту» бағдарламары және  Аудандық және қалалық бюджеттердің есебінен – 323 жоба немесе 526,3 шқ. жолдар жөнделетін болады.

Нәтижесінде, елді мекен көшелері бойынша көрсеткіш 87%-ға (жақсы – 67%, қанағаттанарлық -20%) жеткізілмек.

 2025 жылдың жоспарына келетін болсақ, 189,6 шқ жергілікті маңызы бар автожолдарды, 150 шқ елді мекен көшелерін орта жөндеу жоспарлануда.

 Жол жөндеу жұмыстарының сапасын қадағалау «Жол активтерінің Сапа орталығымен» келісім-шарт негізінде жүргізіледі (205,0 млн.теңге).

Мерзім ішінде сапа орталығымен 840 жерге шығып зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 2642 сынама алынды.

Нәтижесінде, 263 (республика – 233; жергілікті – 30) ескертулер беріліп, жұмыс тәртібінде жою жөнінде шаралар қабылданды.

 Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1194 шқ құрайды.

2020-2025 жылдың жоспарына сәйкес, қайта жаңарту жұмыстары 473 шқ. құрайды, олар «Меркі-Бурылбайтал» — 266 шқ., «Балқаш-Бурылбайтал» — 145 шқ., «Күрті-Бурылбайтал» — 62 шқ. жобаларында жүргізілуде.

Күрделі жөндеу 68,4 шқ құрайды, атап айтсақ -«Шу-Қайнар» — 56 шқ., Ескі «Күйік» асуы — 12,4 шқ.

Аталған жобалар толық іске асырылып, пайдалануға берілген соң, республикалық жолдар бойынша жақсы жағдайдағы жолдардың үлесін  97,3%  жеткізу жоспарлануда.

Жалпы жергілікті маңызы бар жолдарды 2024 жылғы қараша-желтоқсан айларында қысқы күтіп ұстауға 312,7 млн. теңге қаржы қарастырылды. Бұл жұмыстарға 23 мердігерлік ұйымдар тартылып, 189 бірлік арнайы қыстық техникалар мен жабдықтарды жұмылдыру, сондай-ақ 12 000 тн. тайғақтыққа қарсы материалдарды әзірлеу жоспарлануда.

Жамбыл облысы
04.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 113
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 148
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 49
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 146
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 113
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 257
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 260
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 471
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 432

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9132
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8529
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11758
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9525
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10737