Апта басында аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы спорт саласында жеңіске жеткен жастар мен ардагерлерді қабылдап, лайықты құрмет көрсетті.
Өңір басшысы спорт – мемлекетіміздің абыройын асқақтатып, мерейін тасытатын сала екенін алға тартты.
– Көк байрағымызды әлемдік аренада көтеріп, елдің мақтанышына айналып жүрген спортшылар қауымы әрқашан құрметтің төрінен орын алады. Өздеріңізбен арнайы кездесіп, марапаттауды жөн көріп отырмыз. Бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарынан өңір спортшыларының жетістіктерін жиі көретін болдық. Алдынғы аға буындар әліде ширақ екенін дәлелдесе, кейінгі толқын өздеріңіздің іздеріңізді басып, жеңіске жетіп жүр, – деген Ерлан Қыдыралыұлы Ұлы жеңістің 77 жылдығына және республикалық Ардагерлер ұйымының құрылғанына 35 жылдығына орай өткен облыстық спартакиадада командалық есеп бойынша бірінші орын алған ардагерлер: Мұрат Жұмабаевқа, Сыпатай Айтбаевқа, Бектемір Меделбаевқа, Сәрсенбек Оспановқа, Шәмшібек Имашевқа, Лесбек Өзенбаевқа, Нұхматулла Алашбаевқа, Нарзибай Ахметовке, Райхан Туғанбаевқа, Феруза Беркееваға, Рахымжан Нұрекеевке, Күлжахан Мырзахметовке, Ахан Сыдықовқа, Қарағанды қаласында М-1-4 шеберлері арасында самбодан Қазақстан Республикасының чемпионатында жүлделі орыннан көрінген Нұржан Қазбековке, Әлімжан Саурықовке, Самат Қосаевқа, Берік Тұрғановқа, Ерғали Қазбековке, Өзбекстан мемлекетінде қол күресінен өткен Азия чемпионатында топ жарған Нұрсая Баймұратқа, Ақерке Оразғалиқызына жаттықтырушысы Саламат Санатұлына, кикбоксингтен өткен халықаралық турнирде жеңіс тұғырынан көрінген Серікболсын Бодауовқа, Қызылорда қаласында таэквондодан өткен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде аудан атын асқақтатқан Айым Серікбаеваға Алғыс хатын табыс етіп, сый-сияпат үлестірді.
Қабылдауда аудандық мәслихат хатшысы Райымбек Сейітов, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев сөз алып, елдің абыройын асқақтатып жүрген срортшыларға ізгі тілегін білдірді.