Осының аясында бүгінгі күні облыстың аграршыларына 7,3 млрд. теңгеден астам мемлекеттік қолдау көрсетілді. Оның ішінде егін шаруашылығы саласы бойынша — 13 шаруашылыққа 70,3 млн. теңге, мал шаруашылығында — 2 440 шаруаға 4,4 млрд. теңге субсидия берілді.
Сонымен қатар, қайта өңдеу саласы бойынша 13 шаруашылыққа 119,1 млн. теңге төленсе, 152 агроқұрылымға 1,8 млрд. теңге инвестициялық субсидия төленді. Бұдан бөлек, кредит және лизинг бағыттары бойынша 2189 шаруаға 891,9 млн. теңгеге, басқа да бағыттар бойынша 1 шаруашылыққа 5,3 млн. теңгеге қолдау көрсетілді.