Аймақта ағын суды тиімді пайдалану және суармалы судың ысырабын азайту мақсатында биылғы жылы 50 мың гектарға су үнемдеу технологияларын енгізу жоспарланған.
Бүгінгі күні 44 980 гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілсе, оның 32,7 мың гектарына тамшылатып суару, 17,2 мың гектарына жаңбырлатып суару технологиялары енгізілді. Бұл өңірдегі 179,2 мың гектар суармалы жердің 27,9% құрап отыр.
Қазіргі уақытта жаңбырлатып және тамшылатып суару техникалары бойынша шаруашылықтардан түскен 16 өтінімге 877,9 млн. теңге субсидия төлеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, облыста су үнемдеу технологияларын ендіруді ұлғайту шаралары атқарылуда. Мәселен, 2030 жылға дейін 52,0 мың гектарға «Valley» компаниясының 1000 дана суару қондырғыларын орнату көзделсе, биылғы жылы оның 50 данасы 2,6 мың гектар алқапқа орнатылады.