45 701 халқы бар 14 елді мекенді облыс орталығына қосу көзделіп отыр

45 701 халқы бар 14 елді мекенді облыс орталығына қосу көзделіп отыр
Бүгінде облыс орталығы – Тараз қаласында 434 мыңнан аса халық тұрады. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы Заңына сәйкес, облыс орталығындағы қала халқының саны 400 мыңнан асқан кезде қаладағы аудандар құрылады.
Шаһарда екі аудан құру қала дамуының жаңа Бас жоспары аясында қарастырылған. Бас жоспарға сәйкес, Тараз қаласы маңындағы Байзақ және Жамбыл аудандарынан аумағы 13019,1 гектарды құрайтын, 45 701 халқы бар 14 елді мекенді облыс орталығына қосу көзделіп отыр. Бұл жағдайда қаланың халық саны 479 мың адамнан асатын болады.
🔹Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен қала құрамына енетін елдімекендердің әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша кеңес отырысы өтті.
Келелі басқосуға Тараз қаласы, Байзақ және Жамбыл аудандары әкімдерінің орынбасарлары, бөлім басшылары мен жаңадан қосылатын ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
🔹Әуелі Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Дулат Жақыпбеков пен Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков қала құрамына енетін елдімекендердің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін жан-жақты тілге тиек етті.
🔹Өз кезегінде шаһар басшысы қала құрамына қосылатын әр елдімекеннің өзекті мәселелерін шешу кезек күттірмейтінін баса айтты.
– Бүгінде көне шаһарға қосылатын ауылдарда өзекті мәселелер жоқ деп ойламаймын. Әрине, олардың бәрін бірден шешу мүмкін емес екені белгілі. Дегенмен, барлығымыз бірлесе, тұрғындардың сұранысын орындап, олардың жайлы тұрмысы үшін жағдай жасауымыз қажет. Әсіресе, бірінші кезекте шешілуі тиіс мәселелер бар. Осы кезеңге дейін жан-жақты зерделеу жұмыстары жүргізілді. Енді сол зерделенген, нақтыланған проблемалардың шешілу жолдарын ұсыну керекпіз, – деген Бақытжан Әмірбекұлы бұл бағыттағы жұмыстар үздіксіз жалғасатынын жеткізді.
📌Жалпы, қос ауданнан шаһарға енетін ауылдардың әлеуметтік мәселелері бойынша жан-жақты зерделеу жұмыстары жүргізілген. Енді сол түйткілді мәселелердің түйінін тарқату үшін бірлескен жоба-жоспар әзірленеді. Содан кейін сол елдімекендерді дамыту мақсатында арнайы Жол картасы даярланады.
Тараз қаласының әкімдігі
02.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

Негізгі миссия - Заң және тәртіп
Бас прокуратураның баспасөз қызметі - 24.02.2025 211
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЛЫНАТЫН ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ СӘУЛЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 151
ТӨЛЕБИДЕ ЭКОТУРИЗМ ДАМИДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 79
ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 162
БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖОЛДАРДЫ ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 76

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 14425
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 13215
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 16495
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 15380
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 20436