470 ОТБАСЫНЫҢ ҚОНЫС ТОЙЫ

470 ОТБАСЫНЫҢ ҚОНЫС ТОЙЫ

Қызылорданың сол жағалауындағы №2 шағын ауданға салынған 470 пәтерлік 10 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. «Халықты баспанамен қамту – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі. Мемлекеттік қолдау мен ұлттық жобалар аясында соңғы 2 жылда 4 мыңға жуық пәтер табысталып, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілді. 

Өңірде жыл басынан бері 900-ден астам отбасы қоныс тойын тойлады. Биыл мемлекеттік бюджеттен бөлінген 34 млрд 100 млн теңгеге 2,5 мыңнан астам пәтер беріледі. Осылайша, тұрғын үй құрылысы көлемі 126 пайызға өсті. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінде оң серпін сақталып, облысымыз республика бойынша алдыңғы қатарда. Екі жыл бұрын облыс бюджеті 364 млрд теңге болса, бүгінде 744 млрд теңгеден асты. Бұл ауқымды қаражат аймақтағы ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жұмсалып келеді. Тұрғындарды электр энергиясымен үздіксіз қамту бағытында 11 млрд теңгеге 38 жоба жүзеге асырылуда. Бұл желілердің тозу деңгейін 66 пайыздан 62 пайызға төмендетті. Қалада инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Осы уақытқа дейін Қызылорданың ең басты коммуналдық проблемасы болып келген көпқабатты тұрғын үйлерді ыстық сумен қамтамасыз ету оң шешімін тапты. Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен қаламыздағы 625 үйге ыстық су жеткізіледі. Жобаның жалпы құны – 26 млрд 200 млн теңге, бірінші кезеңде, яғни биыл 187 үйге, екінші кезең – алдағы жылы тағы 237 үйге ыстық су қосылады. Ерекше атап өту қажет, өткен жылдан бері қаламызда 7, 9, 12 қабатты тұрғын үйлер бой көтеруде. Шаһардың сол жағалауының сәулетін арттырған зәулім үйлерді салған құрылыс компанияларының қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Қызылордада соңғы уақытта құрылыс қарқынды. Әсіресе, әлеуметтік нысандар көптеп салынуда. Елді мекендерді газдандыру бойынша 20 жоба іске асуда. Жыл соңына дейін өңірді газбен қамту көрсеткіші 78 пайызға жетеді. Орталықтандырылған ауызсумен қамтуға бағытталған 13 жоба бар, 300 шақырымнан астам автомобиль жолдары жөндеуден өтуде. Осылайша облыс аумағындағы жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайыздан асады. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 10 мектеп, «Білімді қолдау қоры» есебінен физика-математика мектеп-интернаты, «Саутс ойл» компаниясының демеушілігімен музыкалық колледждің жаңа ғимараты, «Шығармашылық академиясы», емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар көпбейінді аурухана, Орталық стадион, жабық бассейні бар көпсалалы денешынықтыру-сауықтыру кешені салынуда. Осындай игі істердің жалғасы ретінде «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің іргетасы жақын күндері қаланады. Өткен жылы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 16 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Қалған 11 медициналық нысан жыл соңына дейін табысталады.

11.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 56
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 582
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 696
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 611
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 620

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8755
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8155
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11385
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9138
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10369