730 млрд салық бюджетке түспеген

730 млрд салық бюджетке түспеген

2025 жылы республикалық бюджетке 730 млрд теңге көлемінде салық толық түспеген. Бұл Жоғары аудиторлық палатаның салықтық және кедендік әкімшілендіру тиімділігіне жүргізген мемлекеттік аудиті барысында анықталды.

Аудиторлардың мәліметінше, республикалық бюджетке салық түсімдерінің жоспары 4,8%-ға орындалмай, 730 млрд теңге түспеген. Негізгі себептердің бірі – салық түсімдерінің 1,3 трлн теңгеге артық жоспарлануы.

Сонымен қатар соңғы төрт жылда қосымша есептелген салықтарға қатысты даулардың жартысынан астамы салық төлеушілердің пайдасына шешілген. Бұған салық заңнамасын сақтау мен тексерулерді жүргізудегі кемшіліктер әсер еткен.

Аудит барысында электр көліктеріне арналған жеңілдіктердің гибридті көліктерге де заңсыз қолданылғаны анықталып, соның салдарынан бюджетке 70 млн теңге түспеген. Сондай-ақ 34 сыртқы экономикалық қызмет қатысушысы импорт кезіндегі ҚҚС-ты заңсыз есепке жатқызу әдісімен төлеп, бюджетке 670 млн теңгеден астам қаражат түспеген.

Жалпы аудит нәтижесінде 2,7 млрд теңге қаржылық бұзушылық, 33 рәсімдік бұзушылық және 11 жүйелі кемшілік анықталды. Жоғары аудиторлық палата анықталған мәселелер бойынша міндетті тапсырмалар мен ұсынымдар жолдап, олардың орындалуын бақылауға алды.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
30.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Бұл құрылтайда кәсібилік  болмаса, бәрі бекер...
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 06.08.2026 150
Талғарда   тоғызқұмалақтың   үздіктері анықталды
Ә.ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 06.08.2026 104
Маңызды жобалар басталды
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 06.08.2026 107

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26759
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26188
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43581
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39363
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43984