Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев жақында өткен жиынның бірінде биыл аудан тұрғындарына 2500-ға жуық жер телімі берілетінін айтқан болатын..
Уәде етілген игі жұмыстардың бірінші қадамы бүгін басталып кетті. Мерекелі мамыр айының алғашқы жұмасында аудан басшысы Төле би ауылдық округі тұрғындарының қуанышымен бөлісіп, солармен бірге жердің қазығын қағып, жер телімдеріне иелік етуге құқық беретін құжаттарын салтанатты түрде табыстап қайтты.
-Жер телімдері орналасқан алқапты инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамту жұмыстары да толық жүргізілгенін айта кеткен жөн. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады,-деді Сәкен Қаланұлы өзінің хабарламасында.