Ералы Пазылбекұлы Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы «Д.Қонаев» атындағы орта мектебінің 4-сынып оқушысы. Республикалық, облыстық сайыстардың жеңімпазы. Жуықта «Ералының ертегілері» атты алғашқы кітабы жарық көрді. Қазақстанның ең жас жазушы Ералының қаламы ұштала берсін, шабыт, шығармашылық табыс тілеймін!
Ол төрт жасында кітап оқып, ал алты жасында көптеген қазақ халық ертегілерін оқып шығады. Кішкентай таланттың жеңімпаз атанған алғашқы шығармашылық байқауы туған мектебінің қабырғасында өткен «Екі жұлдыз» әншілер байқауы болды. Бұдан кейін «Республикалық балалар оқулары» байқауында ІІІ орынды иеленді.
Оның әдеби және шығармашылық байқаулардағы жеңістері төмендегідей: Қазақстандағы «Балалар жылы» мен «Балалар әдебиеті» жылының аясында өткен «Оқу көшбасшысы – 2021», Пушкин кітапханасының «Super Б’АЛАҚАЙ» жобасы, «Ертегілер – ғажап әлем» атты облыстық байқауы.
Ертегілер кітабы Алматы қаласындағы «Мерей» баспасында жарық көрді. Кітапта балалардың қиялынан және қоршаған әлемді түсінуден туындаған шынайы, әсерлі шығармалары көрініс тапқан. «Ғажайып саяхат», «Кітаптар мұңы», «Ғажайып қалам», «Судың да сұрауы бар», «Айымның қателігі», «Үшінші бала», «Екі дос», «Жанашырлық», «Көгершіннің балапандары», «Менің әпкем» және т. б. Бұлар өзінің балалық шағынан, отбасындағылармен болған күлкілі жағдайлардан, басқа да пайымдауларынан туындаған шығармалары.