9,6 км су құбыры тартылды: Березовкада инфрақұрылым жаңарды

9,6 км су құбыры тартылды: Березовкада инфрақұрылым жаңарды

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданына қарасты Березовка ауылында тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы ауқымды жоба сәтті аяқталды.
Жобаны мердігер ұйым –«СервисТехЦентр» ЖШС іске асырды. Құрылыс барысында:
• 9,6 шақырым су құбыры тартылды;
• 39 құдық салынды;
• 2 су резервуары мен 1-ші және 2-ші көтерілімге арналған насос станциялары орнатылды.


Ауыз су жүйесінің барлық негізгі жұмыстары 100% аяқталып, Березовка тұрғындарына тұрақты әрі сапалы су берілді. Қазіргі уақытта жобаны толықтай аяқтау үшін көшелерге бейнебақылау камераларын орнату және АО «ОЭСК»-тен электр желілерін тұрақты қосуға рұқсат алу шаралары жүргізіліп жатыр.
«Партиямыздың сайлауалды міндеттемелерін жүйелі түрде орындау – басты мақсатымыз. Су желілерінің құрылысы партия және депутаттар бақылауында өтіп, сапалы жүзеге асырылды. Тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасады», – дейді «AMANAT» партиясы Шемонаиха аудандық филиалының төрағасы Анастасия Тиц.
Бұл жобаның орындалу барысы «AMANAT» партиясы және мәслихат депутаттарының тұрақты бақылауында болды. Құрылыс кезең-кезеңімен қадағаланып, жұмыстардың сапалы әрі уақытылы атқарылуы қамтамасыз етілді.
«Бұл жоба біздің көптен күткен мәселемізді шешті. Үйімізге тұрақты әрі сапалы су келіп тұрғанына қуаныштымыз. Ауылдың тұрмыс сапасы едәуір жақсарды», – дейді Березовка ауылының тұрғыны Бесчетнова Ирина Юрьевна.

Тәттімбек Асханұлы Халықаралық «Qazaqstan dauiri» газетінің ШҚО бойынша меншікті тілшісі
03.12.2025

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 324
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 327
Әлеуеті артып  келе жатқан аймақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.11.2025 300

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20618
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20408
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35509
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34081
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37946