АБАЙ ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕГІ

АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ

 

Белгілі жазушы-драматург, абайтанушы Төкен Ибрагимовтың есімі ұлықталды

Семейдегі Абай музейінде осы рухани қарашаңырақтың қалыптасуына сүбелі үлес қосқан жазушы-драматург, сыншы ғалым, абайтанушы Төлеужар (Төкен) Смайылұлының 85 жылдығына орай «Семей руханияты және Төлеужар Ибрагимов» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Абайтану саласында айшықты із қалдырған, Келденбай Өлмесеков, Тұрсынғазы Рахимов, Айбек Сапышев, Санақ Әбеуов сынды Семейдегі көптеген таланттардың өнерде жолы ашылуына қамқорлық танытқан Төкен Ибрагимовтың есімін ұлықтайтын естеліктер аз емесі белгілі.

Танымдық кештің тізгінін ұстаған филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Ердембеков Абай музейін 34 жыл басқарған Т. Ибрагимовтың тұлғалық болмысын айқындайтын мысалдарға тоқталып өтіп, естеліктер мен қаламгердің шығармашылығына арналған баяндамаларға кезек берді. Белгілі ғалым профессор, сан ғалымның ұстазы Арап Еспембетов Ибрагимов мұрасын кеңінен зерттеу керектігіне тоқталып өтті. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Тыныштықбек Әбдікәкімов оның көптеген жастардың елге танылуына ықпал еткенін атап өте келіп, өзінің де өмір жолында сан жақсылығын көргендігін айтып, әсерлі естелігін бөлісті.  

– Төкен аға тек Семейдің ғана емес, қазақ руханиятының пайғамбары еді ғой. Ол кісінің басқалардан гөрі мен жақсылығын көп көрдім деп ойлаймын. Мұң, қуанышыма, түрлі толғаныстарыма куә болып жүріп, «баспаға кітабыңды дайындайық» деп кеңес беріп, балаша қуанып жүретін. Кейде бір келіспей қалатын қызық кездеріміз де болатын.  Ондайда мен көкейдегі ойымды қағазға түсіріп, үстеліне қойып кететінмін. Ертеңінде жұмысқа келсем, жазған жауап хаты менің үстелімде жататын. Шын мәнінде ол кісі менің ұстазым, мен Төкен ағаның шәкірті болдым, – деп ағынан жарылды Тыныштықбек ақын. 

«Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры Әдебиет бөлімінің меңгерушісі Әлия Бөпежанова Төкен Ибрагимов пен жазушы hәм сыншы Асқар Сүлейменовтің достыққа адал сыйластығы туралы тамаша естелігін ортаға салды. 

– Ағамыз Асекеңмен жақын дос бола жүріп, өмірде дос бола білудің нағыз үлгісін көрсетті. Асқар Сүлейменов туралы естеліктерден құралған «Парасат падишасы» деген кітап бар. Сонда Төкен аға талай сырды шерткен реквием бар. Ол кісі дүниеден өткенде аңырап анасы қалды. Біз қалдық дегендей... Сонда жылда Асекеңнің туған күнінде Төкен аға Семейден соғымын арқалап жететін. Төкен ағаның бір келіп кетуі керемет рухани қуаныш сыйлайтын. Сонда Асекеңнің анасы (Айтоты) оның келуін кәдімгідей күтіп отыратын. Сонда Төкен ағамыз келгенде анамыз жаңа түскен келіндей құлпырып, ұлын көргендей мәз болып, ерекше күйге енетін. Тағы бір ерекшелігі Асекеңе қатысты еліміздің қай түкпірінде қандай рухани шара өткелі жатса да ерінбей барып, қатысып қайтатын. О кісінің үлкен жүрегі бәріне жететін, – деген Әлия Бөпежанова өзге де қызықтарын тебірене төгілтті.  Сонымен қатар филология ғылымдарының докторы, профессор, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері Қанипаш Мәдібаева, белгілі педагог-журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Платиналы «Тарлан» сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері Сайраш Әбішқызы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Алмахан Мұхаметқалиқызы, музей директоры Ұлан Болатұлы баяндама жасап, Т. Ибрагимовтың зиялыға тән қайраткерлік болмысы, шығармашылық еңбегі туралы кеңінен әңгімелеп, ұсыныстарын ортаға салды.

Тағылымды шара түс ауа Абай театрында «Оймен оңаша» атты әдеби-музыкалық кешпен жалғасты. Абай облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев абайтанушы, әдебиет зерттеушісі Төкен Ибрагимовтің 85 жылдығына арналған салтанатты кештің сәтті өтуіне тілектестігін білдірді. 

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы
23.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 29
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 51
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 19
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 24
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 30
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 27
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 54
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 51
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 258
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 255
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 877

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8952
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8346
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11572
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9330
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10556