Абай облысынан 580 адам әскерге шақырылады

Абай облысынан 580 адам әскерге шақырылады

Облыс аумағында көктемгі әскерге шақыру 1 наурызда басталып, 30 маусымға дейін жалғаспақ.

Осы уақыт аралығында әскер қатарына 580 жас сарбаз қабылданбақ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Нығмет Ахметұлы мәлімдеді.

-Биылғы көктемде Абай облысынан 580-нен астам азамат әскерге шақырылады. Оның ішінде Қарулы күштер қатарына - 250,  Ұлттық ұланға - 200, ҰҚК Шекара қызметіне - 110, Мемлекеттік күзет қызметіне - 6 және Төтенше жағдайлар қызметіне 15 бозбала алынбақ, - деді спикер.

Әскерге шақыру комиссияларымен нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізілді.

Баспасөз мәслихаты барысында Нығмет Ахметұлы да әскери қызметкерлердің жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын атап, олардың  қызметке белсене қатысуының маңыздылығына тоқталды.

-Қазір әскерге шақырылғандар кредиттік демалыс алып, әскери-есептік мамандықтар бойынша білім алуда. Еліміздегі 70-тен астам жоғары оқу орны әскери борышын өтеген азаматтарға қосымша жеңілдіктер жасау туралы келісім жасасқан. 2024 жылы осы санаттағы азаматтарға 5 мың мемлекеттік білім грантын, сондай-ақ шәкіртақы мен жатақханада тұрудың басым құқығын беру жоспарлануда, - деп атап өтті департамент басшысы.

03.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

«МӨЛДІР БҰЛАҚ»: САУРАНДЫҚТАР ҚАРАШЫҚ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫН ТАЗАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 07.05.2024 25
ҚАЖ департаменті үздіктері марапатталды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті - 06.05.2024 108
ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТӨРТ ҒИБРАТЫ…
Марфуға ШАПИЯН Online Qazaqstan - 06.05.2024 110
«ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ!»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы - 06.05.2024 115
Көп тыңда. Аз сөйле
(с) Бауыржан Момышұлы - 06.05.2024 86

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1326
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7370
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11239
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7423
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7577