Абай облысында халықаралық театрлар фестивалі өтеді

Абай облысында халықаралық театрлар фестивалі өтеді

Ағымдағы жылы Абай атындағы музыкалық-драма театры 90 жылдығын атап өтеді. Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай openАir ән фестивалін ұйымдастырылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Назира Идрисова баяндады.

- Театр мерейтойына орай естелік кітап шығару, мамыр айында «Ес-Аймақ» атты халықаралық театрлар фестивалін ұйымдастыру жоспарланған. Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдығына арнайы Абай ауданында «Асыл мұра» республикалық қолөнершілер байқауын  өткізу жоспарда бар, - деп атап өтті Назира Идрисова.

  Әмина Өмірзақованың, драматург Қашаф Туғанбаевтың, жазушы Күлиман Жүнісова және Виктор Мирогловтың, ақын Ольга Юровскаяның,  Жәнібек Кәрменовтың мерейтойларына арналған іс-шаралар жоспарланып отыр. 

-  Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына байланысты эстрада жұлдыздарының қатысуымен Openair форматында ән фестивалі өткізіледі. Жазушы-драматург Роза Мұқанованың, әнші Толғанбай Сембаевтың, ақын Аманғазы Кәріпжанның мерейтойларына орай  бағдарлама бар, - деп толықтырды спикер.

Сәуір айында халықаралық би күніне орай «АrtOpen» облыстық хореографиялық өнер байқау-фестивалі, «Жайна-Абай елі!» облыстық көркемөнерпаздар байқауы  болады. «Абай» қорының Президенті Отантай Кәріпжановтың жазушы, драматург Дәулет Сейсенұлының, ақын, композитор Құсмілия Жырғалұлының, сатирик, әнші, профессор Аймұхамбет Бейсембековтің  мерейтойларына байланысты  шығармашылық кештері  өтеді. 

- 8 наурыз күні Абай атындағы театрда облыс әкімінің «Жаңа sound» эстрадалық-симфониялық оркестрінің концерті өтеді. Концерттік бағдарламада отандық және шетелдік кинофильмдердің саундтректері мен әндері орындалады, - деп қорытындылады Назира Идрисова

Жарма ауданында Төлеу Көбдіковтің 150 жылдығына орай республикалық ақындар айтысы, Тұрсынғазы Рахимов атындағы республикалық дәстүрлі әншілер байқауы, Еркеғали Рахмадиев атындағы республикалық композиторлар байқауы, Әйткеш Толғанбаевтың 100 жылдығына орай халықаралық скрипкашылар байқауы осы жылға жоспарланып отыр.

04.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

«МӨЛДІР БҰЛАҚ»: САУРАНДЫҚТАР ҚАРАШЫҚ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫН ТАЗАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 07.05.2024 22
ҚАЖ департаменті үздіктері марапатталды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті - 06.05.2024 105
ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТӨРТ ҒИБРАТЫ…
Марфуға ШАПИЯН Online Qazaqstan - 06.05.2024 106
«ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ!»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы - 06.05.2024 111
Көп тыңда. Аз сөйле
(с) Бауыржан Момышұлы - 06.05.2024 83

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1324
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7368
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11236
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7420
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7575