Әдеп жөніндегі кеңестің қызметі

Әдеп жөніндегі кеңестің қызметі

        Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері Агенттіктің алқалы органдары болып табылады.

        Әдеп жөніндегі кеңестің негізгі міндеттеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шаралар әзірлеу, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау, сондай-ақ әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

        Сонымен бірге, Әдеп жөніндегі кеңес қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған тиісті санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің аппараттарында дербес лауазымдағы әдеп жөніндегі уәкілдерге қатысты тәртіптік істерді қарайды.

2024 жылдың өткен кезеңінде Әдеп жөніндегі кеңестің мәжілісі 6 рет өткізіліп, онда барлығы 39 мәселе қаралды, оның ішінде 2 тәртіптік іс және 37 профилактикалық мәселелер бойынша сұрақтар.

Тәртіптік істерді қарау нәтижесі бойынша 2 лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолдану ұсынылды, оның ішінде 1-і мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту», 1-і әдеп нормаларын сақтамағаны үшін «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазалар. 

Қызметтік тәртіпті нығайту және бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 140 ұсыныс енгізілді деп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара әрекеттесу, қызметтік тәртіпті нығайту, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтауға бағытталған шараларды жүзеге асыру бойынша).

Сонымен қатар, есепті кезеңде Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен түрлі мәселелер бойынша 31 жеке қабылдаулар ұйымдастырылып, онда барлығы 63 азамат қабылданды.

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы және әдеп нормаларын түсіндіру бойынша 116 іс-шара өткізілді.

Одан бөлек, Әдеп жөніндегі кеңестің отырыстарында мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бойынша да жұмыстар атқарылуда.

Мәселен, мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысына жүргізілген талдаудың нәтижесінде, Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымы негізінде                    1 мемлекеттік қызметшіге қатысты қолданылған тәртіптік жазаның күші жойылып, оның бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Аталған бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде өз жалғасын табатын болады.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті
07.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 33
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 111
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 308
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 302
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 925

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8998
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8393
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11618
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9376
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10602