Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтері мен Әдеп жөніндегі уәкілдерге онлайн форматында семинар-тренинг өткізді.Іс-шараның мақсаты болып мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ талдау нәтижелерімен мемлекеттік органдардың қызметінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді алдағы уақытты болдырмау үшін заңнама нормаларын түсіндіру табылады.
Семинар-тренинг барысында қызметтік автокөліктерді қызметтік емес мақсаттарда пайдалану фактілері бойынша шектеулердің сақталуы мәселесіне жүргізілген талдаудың қорытындылары бойынша тәжірибеден алынған кейстер қаралды.
Қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің арасында мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсатта пайдалану жөнінде тұрақты түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы жеткізілді.