Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі

Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі

Әдеп жөніндегі уәкіл болып қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші табылады.

 Бұл ретте, Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде бірқатар функцияларды атқарады.

 Мәселен, жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдерімен ағымдағы жылы 170 азамат түрлі мәселелермен жеке қабылданды, оның ішінде 90-ы (52,9%) жергілікті жерге шығу арқылы.

 Әдеп кодексі мен мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы заңнаманың сақталуы бойынша 500-ден астам түсіндірме шаралары (дәрістер, семинарлар, бейнесюжеттер, БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жарияланымдар, мақалалар және т.б.) өткізілді. 

 Әдеп жөніндегі уәкілдердің ұсыныстары негізінде өз қызметін адал әрі нәтижелі атқарғаны үшін 195 қызметшіге көтермелеу шаралары қолданылса, 5 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 Сонымен бірге, Әдеп жөніндегі уәкілдердің атқарған жұмыстарының нәтижелері Жамбыл облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес отырыстарында 10 рет қаралып (о.і. ЖАО – 6, ОМО АД – 4), олардың қызметін одан әрі жетілдіру бойынша 52 (ЖАО – 34, ОМО АД – 18) ұсыным берілді.

 Сондай-ақ, Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру және оларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында Департаментпен 9 іс-шара өткізілді.

 Аталған бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде өз жалғасын табатын болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті
19.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 214
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 210
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 715
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 838
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 752

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8907
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8301
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11529
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9285
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10513