Агроөнеркәсіптік кешен негіздері

Агроөнеркәсіптік кешен негіздері

Аграрлық-өнеркәсіптік кешен (АӨК) – экономикалық тұрғыдан Қазақстанның өсіп-өркендеуіне үлес қосатын маңызды салалардың бірі болып саналады. Ол ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге және сол өнімді тұтынушыға жеткізуге қатысатын барлық шаруашылық салаларының басын біріктіреді. Бізде агроөнеркәсіптік кешен 1980 жылдары құрыла бастады. Агроөнеркәсіптік кешеннің мақсаты – өнеркәсіпті ауылшаруашылық шикізаттарымен, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін сақтап қалу.

Агроөнеркәсіп кешені айтарлықтай жұмыс істеп, қолжетімді нәтижеге жетуі үшін техникалар соңғы үлгідегі заманауи құралдармен жабдықталғаны дұрыс. Сонымен қатар, бұл салаға үнемі тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін әртүрлі техника, құрал-жабдықтар қажет. Қазақстанда ауылшаруашылығына қажетті 400 техника түрі ғана бар. Міне, осыған орай елімізде біраз жұмыстар қол еңбегімен атқарылады. Сондай-ақ Кеңес одағы заманындағы ескі техникалар қолданылып келеді. Әйтсе де, бізде өндірістер ақырындап өсуде.

 

Агроөнеркәсіптік кешенді жақсарту жолдары

 

Агроөнеркәсіп кешені – экономиканың барлық саласын біріктіретін үлкен жүйе болып есептеледі. Ал шикізатты-минералды базаларды алмастыруға агроөнеркәсіптің шамасы жетеді. Егер де осы кешен қарқынды дамыса, қазба байлықтың пайдасындай зор мүмкіндігі бар. Осыған байланысты Президент аграрлық сектор – экономиканың жаңа драйверіне айналады деп атап кеткен болатын. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау да күшеймек. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұлттық жобасы қабылданып, елімізде қарқынды жұмыстар атқарылуда. Үкімет отырысында алдыңғы жылдары Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы бекітіліп, қаралған еді. Президентіміз жобаны іске асыру үшін инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен 1 млн ауыл тұрғынының табысын тұрақты түрде арттыру, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 2 есеге көбейту, еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру бағытында біраз тапсырмалар берді.

Ұлттық жобаның негізгі мақсаты – ауылды жерлерде тұратын халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын жақсарту. Осыған орай «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында елді мекендерді өркендету жұмыстары атқарылуда. Бастысы, жақсы жол мен су мәселесі, ауылды жерлерде білім беру мен медициналық орындардың қазіргі заманға сай қызмет көрсетуі қажет. Ауыл тұрғындарының басты мәселесі – жұмыссыздық алдыңғы орында тұр. Осыған орай ақырындап кәсіпорындардың ашылуы елді мекендердегі жұмыссыздықтың азаюына өз жәрдемін бермек.

Ауыл шаруашылығын дамытудың әдістері:

1. интенсивті (тыңайтқыштарды, техниканы тиімді пайдалану);

2. экстенсивті (жер немесе мал басының артуы).

Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі саласы:

Ауыл шаруашылығына қызмет ететін салалар: ауыл шаруашылығында тыңайтқыш, жем-шөп, техника өндіріп, машинамен жабдықтау. Ауыл шаруашылығының өзі: егіншілік, құс шаруашылығы, мал шаруашылығы. Өнімді өңдеу және өткізу салалары: тамақ өнеркәсібі, өнімді сақтау, тасымалдау, жеңіл өнеркәсіп.

Жер реформасына байланысты санаттар:

1. халықтың жеке шаруашылығы (саяжай, бау-бақша, олардан түскен өнім);

2. шаруа қожалығы (шаруаға жарамды жерді пайдаланып, отбасылық бірлестіктер ұйымдастыру, жерден ауыл шаруашылығы өнімдерін алып, өнім өндіру);

3. ауылшаруашылық кәсіпорындары (заңды түрде жұмыс жасап, саланың негізгі қызметтерін орындайтын ұйымдар).

 

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
23.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26526
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25955
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43349
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39146
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43753