Аида Балаева Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Әли Ербашпен кездесу өткізді

Аида Балаева Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Әли Ербашпен кездесу өткізді

Аида Балаева Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Әли Ербашпен кездесу өткізді

📌Тараптар түрлі бағыттар бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Діни білім беру саласындағы бірлескен жұмысты нығайтуға және екі елдің университеттері арасындағы ынтымақтастықты арттыруға баса назар аударылды.

📎Аида Балаева екі елді ортақ дәстүрлер мен құндылықтарға негізделген берік бауырластық байланыстыратынын атап өтті. Министр мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық аясында ортақ рухани және мәдени құндылықтарды ілгерілетуге ғана емес, сонымен қатар бұл құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Өйткені кез келген дін айналадағы адамдарға деген мейірімділікті, қайырымдылықты, сыйластықты, сүйіспеншілікті насихаттайды.

«Қазіргі әлемде діни мәселелерді түсіндіру, әсіресе осы бағытта жастармен жұмыс істеуге ерекше назар аудару маңызды. Әлеуметтік медиада деструктивті ақпарат көбейген жағдайда жақсыны жаманнан ажырата білу қажет. Сенімді және сапалы ақпаратты қамтамасыз ету үшін бірлескен күш-жігерімізді жұмсауымыз керек», - деді министр.

📌Әли Ербаш мұндай кездесулер екіжақты қатынастардың дамуына серпін беретініне сенім білдірді. Ол Түркияның Дін істері басқармасы Қазақстанмен белсенді қарым-қатынаста болып, студенттерді оқыту мен дамытуға, сондай-ақ олардың қоғамға бейімделуіне көңіл бөлініп жатқанын атап өтті.

☑️Кездесу соңында тараптар рухани-мәдени құндылықтарды насихаттауға бағытталған жемісті жұмысты жалғастыруға ниет білдірді.

ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

02.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 101
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 101
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 619
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 737
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 649
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 658

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8793
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8194
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11421
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9175
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10407