Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ведомствоның жетекшілік ететін мәселелері бойынша дипломатиялық корпус өкілдері үшін брифинг өткізді. Брифинг ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің конференц-залында өтті. Оның жұмысына таяу және алыс шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың 100-ден астам өкілдері қатысты, олар баяндамаларды онлайн тыңдай алды, оның ішінде 30-ға жуығы офлайн-форматта қатысты. «Ашықтық пен сындарлы диалог – министрлігіміздің басты ұстанымы. Сонымен қатар, ел Президенті ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іске асырылуы басталғаннан бері бұл қағидат біздің министрлік жетекшілік ететін барлық салаларда жаңа серпін берді. Мәселен, менің өзімнің қатысуыммен 15-ке жуық диалог алаңдары тұрақты жұмыс істейді, олардың құрамы, атап айтқанда, үштен екісі қоғамдық белсенділер, сарапшылар, бейіндік үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен тұрады. Бұл алаңдарда ҚР АҚДМ қызметінің негізгі бағыттарын анықтайтын тиімді шешімдер қабылданады»,— дей келіп, дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдар өкілдеріне Министрліктің ақпарат, азаматтық қоғам, жастар және отбасы, этносаралық және диаспоралық саясат, сондай-ақ дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстары туралы баяндады. Аида Балаева ақпарат, қоғамдық кеңестер мәселелері бойынша жаңа заңнамалық өзгерістер мен түзетулерге, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қоғамдық бақылау, онлайн-петиция институтын заңдастыру, коммерциялық емес ұйымдар, діни қызмет және діни бірлестіктер, мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша жаңа заңнамалық бастамалар туралы егжей-тегжейлі тоқталды. Сонымен қатар, ол өткен жылы ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын, сондай-ақ 2020-2022 жылдарға арналған ақпарат саласын дамытудың ұлттық жоспарын іске асыру, медиа сала мамандарын оқыту, пандемия жағдайында бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау шаралары және инфодемия жағдайында фейктердің таралуына қарсы күрес шаралары туралы айтып берді. Министрдің шетелдік дипломаттармен кездесуі шеңберінде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ» КЕАҚ қызметінің презентациясы өткізілді. «АБҚО» КЕАҚ Басқарма төрағасы Лима Диас Қазақстандағы мемлекет пен ҮЕҰ өзара іс-қимыл механизмін жетілдіру туралы материалдарды таныстырды. «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ» КЕАҚ Басқарма төрағасы Асылбек Есенбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын ілгерілету стратегиясын іске асыру туралы айтып берді. Шет мемлекеттердің өкілдері Қазақстандағы ақпарат салалары мен азаматтық қоғамның өзекті дамуы туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік ашылғаны үшін ризашылықтарын білдірді. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің брифингі ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның мақсаты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың жүзеге асырылу барысымен таныстыру екендігін атап өту қажет.