Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Медиа менеджер, Психология ғылымдарының кандидаты – Арман Давлетяровтың төрт бірдей кітабының тұсаукесері өтті.
«Айман Ана», «Мама Айман», «Қалам ұшындағы ой», «Мәскеулік Шыңғысханның хикаясы» кітаптарының қазақ тілінде жарық көруі – автордың тарихи отанындағы басты жаңалығы. Автордың шығармашылығына орай ұйымдастырылған салтанатты жиын театрландырылған қойылым мен «Айман Ана» кітабының тұсаукесерімен ашылды.
«Айман Ана» кітабында автор анасы Айманның өмір жолын ерекше әсерде терең әңгімелейді. Автордың айтуынша, бұл кітап тек өмір жолынан сипаттайтын әңгіме ғана емес, өз тамырына, мәдениетіне, ана тіліне және халқына деген сүйіспеншілік пен адалдық туралы ода. Айман оқырманға табандылық пен даналықтың нышаны, сүйіспеншілік пен адалдық арқылы өмірдің барлық сынақтарын жеңіп, жан дүниесінде бақытты сақтай білген жанның үлгісін көрсетеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, кітаптар «Мазмұндама» баспасынан жарық көрді және оқырман автордың жаңа төрт кітабын аталған баспадан сатып ала алады.