Аймақ ахуалы

Аймақ ахуалы

ШАРУАШЫЛЫҚТАРҒА СУБСИДИЯ БЕРІЛДІ

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығы өнімділігін және өнім сапасын арттыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бөлінген 5,3 миллиард теңгенің 4,2 миллиард теңгесі игеріліп, 2 мыңнан аса шаруашылыққа субсидия берілді.

Осының нәтижесінде облыстағы мүйізді ірі қараның саны 569,4 мың басты құрап, 5,1 пайызға, қой мен ешкі саны – 6,6 пайызға, (4,1 миллион бас), жылқы саны – 9,1 пайызға, (197,1 мың бас), құс саны – 0,1 пайызға (2,1 миллион бас) артқан.

Сонымен қатар, ет өндірісі – 4,1 пайызға, (62,0 мың тонна) және сүт өндірісі – 1,4 пайызға (161,2 мың тонна) артып отыр.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫ ЕГІЛДІ

Биыл облыста 770,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары отырғызылып, өткен жылмен салыстырғанда 14,4 мың гектарға артты.

Осыған орай, егіс алқаптарын арзандатылған минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінсе, бүгінгі күні оның 770,9 миллион теңгесі игерілді.

Қазіргі уақытта алынуы қажет 54,0 мың тонна минералды тыңайтқыштың 31,3 мың тоннасы алынып, 78,4 мың гектар алқапқа ендірілді және жоспар 58,1 пайыз орындалды.

 

ЖАЙЫЛЫМ ТАПШЫЛЫҒЫ ТӨМЕНДЕДІ

Республика бойынша жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымдық жерлермен қанағаттандыру мақсатында 2022 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдар бірқатар шаралар қабылдады.

Атап айтсақ:

– Іргелес жатқан босалқы жерлерді елді мекендердің жерлеріне қосу жолымен елді мекендердің шекаралары жалпы алаңы 421,2 мың гектарға кеңейтілді.

Атап айтқанда, Ақмола – 78,6 мың гектар, Ақтөбе – 99,7 мың гектар, Алматы – 7,02 мың гектар, Шығыс Қазақстан облысы – 4,9 мың гектар, Жамбыл – 170 мың гектар, Батыс Қазақстан облысы – 27,4 мың гектар, Қарағанды – 2,3 мың гектар, Қостанай – 2,3 мың гектар, Павлодар – 8 мың гектар, Солтүстік Қазақстан облысы – 21,0 мың гектар.

– Босалқы жерлерден жергілікті халыққа 2,4 миллион гектар қайта бөлінді.

Абай – 33 мың гектар, Ақмола – 4,8 мың гектар, Ақтөбе – 99,7 мың гектар, Алматы – 259,9 мың гектар, Атырау – 11,2 мың гектар, ШҚО – 13,6 мың гектар, Жамбыл – 340 мың гектар.

 

ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ ЗАУЫТТАРҒА ӨТКІЗІЛДІ

«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау» бағдарламасы бойынша 2023 жылдың өнімі үшін егілген қант қызылшасы дақылының өніміне 6,1 миллиард теңге қаржы қарастырылған.

Субсидиялау қант қызылшасын жинау науқанына байланысты қазан-желтоқсан айларында игерілетін болады.

 

ӨҢІРДЕ ӨНІМ КӨЛЕМІ АРТУДА

Облыста жыл басынан бері салада 107,6 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 7,4 миллиард теңгеге артты.

Оның ішінде егін шаруашылығында – 4,6 миллиард теңгенің, мал шаруашылығында – 103,0 миллиард теңгенің өнімі өндірілді.

 

Дайындаған Мақпал СҮЙІНБАЙ.

Ақ жолы
06.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 70
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 592
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 708
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 621
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 631

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8767
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8166
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11395
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9149
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10380