AirAsia X Алматы – Куала-Лумпур бағытының алғашқы жылдығын атап өтті, рейстер санын арттырды

AirAsia X Алматы – Куала-Лумпур бағытының алғашқы жылдығын атап өтті, рейстер санын арттырды

AirAsia X (AAX) Алматы мен Куала-Лумпур арасындағы тікелей әуе бағытының бір жылдық мерейтойын атап өтуде. Бұл – Орталық Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азияны байланыстыруда сәтті өткен жыл. Артып келе жатқан сұранысқа орай, әуе компаниясы Қазақстан мен Малайзия арасындағы рейстер санын аптасына беске дейін көбейтті, келесі тоқсанда шамамен 27 000 орынды ұсынылады.

Алматы мен Куала-Лумпур арасында тікелей қатынайтын жалғыз әуе компания ретінде AAX екі өңір арасындағы маңызды байланысты қамтамасыз етіп келеді. 2024 жылғы 14 наурызда алғашқы рейсін орындаған сәттен бастап, AAX аптасына төрт рет орындалатын рейстерде 90 пайыздық жүктелу көрсеткішін тұрақты түрде ұстап тұр. Бұл жоғары сұраныс Қазақстан мен Малайзия арасындағы сапарларға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. AAX бұл бағытта болашақта үлкен өсу әлеуетін байқап отыр.

Оңтүстік-Шығыс Азия мен Орталық Азия арасындағы туризм байланыстарын нығайтуға бағытталған шексіз міндеттемесі аясында AAX және Алматы Туризм басқармасы бүгін өзара ынтымақтастық туралы меморандумға (MoU) қол қойды. Бұл келісім екіжақты туризмді дамытуға және Алматыны Малайзия, Сингапур және Индонезиядан келетін туристер үшін тартымды бағыт ретінде танытуға бағытталған маңызды қадам болды.

Бенямин Исмаил - AirAsia X бас директоры:

"Осы бағыттағы рейстердегі екі елдің жолаушыларынан түскен қолдаулар, Орталық Азияға жақсырақ байланыс ұсынуға мүмкіндіктер жаратып және шабыттандырды. Алматы мен Куала-Лумпур арасындағы рейстердің аптасына бес рейске көбейуі– сұраныстың жоғары екенін және Алматының CNN мен Lonely Planet тарапынан «міндетті түрде бару керек бағыт» ретінде мойындалғанын көрсетеді. Өткен жылдан бері 100 мыңнан астам жолаушыны тасымалдадық, бұл бағыттың туризм мен сауда үшін маңызды нарық екенін дәлелдейді."

"2025 жылы ASEAN төрағалығын қабылдай отырып, Малайзия өңірлік даму мен байланысты ілгерілетуде жетекші рөл атқаруға қабілетті ел екенін көрсетті. Қазақстанмен нығайтылған бұл серіктестік екі елдің өзара экономикалық дамуын қолдап қана қоймай, сондай-ақ Орталық Азиядағы дамып келе жатқан нарықтар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

"Куала-Лумпурдағы Fly-Thru байланысы арқылы Алматыдан ұшатын жолаушылар енді 130-дан астам бағытқа, соның ішінде Пенанг, Лангкави, Кучинг, Бали және Бангкок сияқты ASEAN аймағындағы танымал демалыс орындарына оңай жете алады. Дәл сол сияқты, ASEAN елдерінен келетін жолаушылар да Куала-Лумпурда қысқа аялдамамен Орталық Азияның «Швейцариясы» саналатын Алматыға ыңғайлы түрде ұша алады. Мұндай үздіксіз қолжетімділік біздің арзан әрі тиімді саяхат мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ аймақтық туризм мен экономикалық алмасуды дамытуға деген ұстанымымызды нақты көрсетеді.

Алматы Туризм басқармасы:

"Біз AAX компаниясымен ынтымақтастығымызды осы өзара түсіністік туралы меморандумға (MoU) қол қою арқылы жалғастырып отырғанымызға қуаныштымыз. Бұл келісім Алматыны Оңтүстік-Шығыс Азия туристері үшін тартымды бағыт ретінде таныстыру жолындағы маңызды қадам болып табылады. Бұл серіктестік мәдени алмасуға, туризмнің дамуына және халықтар арасындағы байланысты тереңдетуге жаңа мүмкіндіктер ашады. Малайзия, Сингапур және Индонезия тарапынан саяхатқа деген сұраныстың артуына байланысты біз Алматының табиғи сұлулығы, бай мәдени мұрасы және қонақжайлығын тамашалауға келетін туристерді асыға күтеміз."

Kazakh Tourism:

"Қазақстан мен Малайзия арасындағы тікелей әуе қатынасының үнемі кеңейіп отыруы – екі ел туризміне үлкен серпін береді. AAX компаниясының бұл бағыттағы кеңеюі – Қазақстанның тек Орталық Азияда ғана емес, бүкіл әлемде тартымды бағытқа айналып келе жатқанын дәлелдейді. Біз саяхатты қолжетімді етуге бағытталған бастамаларды қолдауға дайынбыз, ал бұл әуе бағыты Қазақстан мен Оңтүстік-Шығыс Азияның қарқынды дамып жатқан нарықтары арасындағы сенімді көпірге айналды. Біз әртүрлілігі мен өзіндік ерекшелігі мол Қазақстанды ашуға келетін туристер санын арттыруды асыға күтеміз."

Осы маңызды кезеңді атап өту мақсатында AAX барлық рейстерге 25% жеңілдікпен арнайы тарифтер ұсынуда. Енді жолаушылар Алматыдан Куала-Лумпурға тікелей ұшып, әрі қарай Кота-Кинабалу, Кучинг, Лангкави, Манила, Бали, Да Нанг, Краби, Сидней және басқа да қызықты бағыттарға тиімді бағамен қатынай алады. Брондау мерзімі – қазірден бастап 2025 жылғы 27 сәуірге дейін, ал саяхат мерзімі – 2025 жылғы 28 Cәуір мен 30 Қараша аралығы. Сонымен қатар, жолаушылар орын таңдауға 25% және тіркелген багажға 10% жеңілдік ала алады, егер олар билетті брондау кезінде бірге сатып алынса.

Промо-тарифтер тек AirAsia MOVE пен airasia.com сайттарында қолжетімді.

Барлық тарифтерге жолаушыларға қызмет көрсету алымдары, реттеуші алымдар, жанармай үстемелері және басқа да қолданылатын алымдар кіреді.
Науқандар алғашқы рейс брондау кезінде қолданылады және орын қолжетімділігіне байланысты. Шарттар мен талаптар қолданылады.

22.04.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5231
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5391
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20354
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18990
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22454