Әкім Шымкентті аралап, тұрғындармен кездесті

Әкім Шымкентті аралап, тұрғындармен кездесті

Наурыздың 12-15-і күндері Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қала тұрғындарымен кездесті. Бұл кездесулерде бұрынғыдай тұрғындарды бір ғимаратқа жинап, алдын ала дайындалған қойылым ұйымдастырылмады. Көшедегі ашық алаңқайларға жиналған тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді ашық айтып, оларға жауапты сол жерде алып жатты. Рас, кейбір шешімі күрделі мәселелерді қала әкімінің  тапсырмасымен жауапты мамандар қойын дәптерлеріне жазып алып тұрғанын да байқадық.

Ғабит Әбдімәжитұлы 12 наурыз күні Қаратау ауданында Нұрсат-1, Астана, Қызылсу шағын аудандары мен Сайрам, Өтеміс тұрғын алабының тұрғындарымен, келесі күні Еңбекші ауданында Бадам-2, Жұлдыз, Жалын, Жаңақұрылыс, Қарабастау, Бадам тұрғын алабының тұрғындарымен, 14 наурыз күні әл-Фараби ауданында Қонаев, Майлы Қожа, Жангелдин, Қабанбай батыр, Терешкова көшелерінде және «Забадам» тұрғын алабы тұрғындарымен, сенбі күні Абай ауданында «Shymkent City», Асар, Тұрлан, Ынтымақ шағын аудандары, Ақжайық, Қызылжар тұрғын алабында тұртаны шымкенттіктермен көшеде жүзбе-жүз кездесті.

Бұл кездесулерде әкім бұрынғыдай уақыттың көпшілігін атқарылған жұмыстардың баяндамасына арнамай, келген сәтте «қандай сұрақ, ұсыныс-тілектеріңіз бар?» деп, жиылған көпшілікті әңгімеге тартты. Мұндайды күтпеген тұрғындар алғашында абдырап қалғанымен, кейін бірінен кейін бірі сауалдарын жолдап жатты. Қала әкімінің ашықтығы көпшілікке ұнады. Сұрақтар негізінен әлеуметтік және инфрақұрылым бойынша өрбіді. Көшедегі қаңғыбас иттер мен жолдағы бейберекет қойылған жасанды кедергілер мәселесі де назардан тыс қалмады.

Рас, күтілмеген сұрақтар да болды. Мәселен, Қарабастаудағы №99 мектептің алдында болған кездесуде бір азаматтың «Әкімнің шаштаразы деген біреу білгенін істеп жүр» деген сөзі Ғ.Сыздықбековтың шымбайына батса керек, «менің жеке шаштаразым жоқ» деген қала басшысы дереу соны айтып жүрген адамды тауып, жазалауды тапсырды. Ал шаштараз жайын қозғаған адамнан оның кім екенін айтуды талап етті.

Осылайша Ғ.Әбдімәжитұлы сөздің емес, істің адамы екенін тағы бір көрсетті. Өтірікке де төзбейтінін байқатты. Кездесу барысында тұрғындар әкімнің жаңа бастамасына көңілдері толса, қариялар баталарын беріп жатты.

 

 

Балқы БАЗАР,

Шымкент қаласы

20.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 01.04.2025 142
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы әкімдігі - 01.04.2025 192
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 66
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 245
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 54

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3570
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3778
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18700
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17384
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20805