Әкім тараздықтардың талап-тілегін тыңдады

Әкім тараздықтардың талап-тілегін тыңдады

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер тұрақты түрде халықпен кездесіп, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдауы тиіс. Осыған орай, кеше облыс әкімі Ербол Қарашөкеев тараздықтармен кездесіп, олардың талап-тілегін тыңдады. Жиында әуелі Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Оның айтуынша, осы жылдың қаңтар-мамыр айының қорытындысымен көне шаһардың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасқан. Мәселен, есепті кезеңде инвестиция – 144, құрылыс жұмыстары – 111,5 пайызға өссе, ауылшаруашылығы саласындағы өсім 100,4 пайызды құраған. Бұдан бөлек, пайдалануға берілген тұрғын үй мен бөлшек сауда 101,1 пайызға тең. Десе де, өнеркәсіп саласындағы көрсеткіштер көңіл қуантпайды. – Есепті кезеңде өнеркәсіп өнімінің көлемі 84,2 пайызды құрады. Жалпы, өнеркәсіп өнімінің төмендеуіне екі ірі кәсіпорын жұмысының уақытша тоқтап қалуы себеп болды. Қазіргі таңда «Тараз қант зауыты» мен «Тараз металлургиялық зауытының» электрод цехы қайта іске қосылды. Осы жылдың қорытындысымен өнеркәсіп көлемін 105 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз, – деді Бақытжан Әмірбекұлы. Бүгінде облыс орталығына 400 мыңнан астам халық қоныстанған. Қолданыстағы заңға сәйкес, облыстық маңызы бар қаладағы халық саны 400 мыңнан асқан кезде, қалада аудан құрылуы керек. Сәйкесінше, екі аудан құру қала дамуының жаңа Бас жоспарында қарастырылмақ. Шаһар басшысының сөзінше, Бас жоспардың негізінде қалада өзекті болып отырған біраз мәселе өз шешімін табады. Мұндағы бірінші міндет – көлік қозғалысын тиімді ұйымдастыру, көлік жолдарындағы жүктемені азайту. Бұл мақсатта екі бірдей көпір құрылысын салу жоспарлануда екен. – Абай даңғылының теміржол үсті арқылы өтетін жол өткелі мен жаяу жүргіншілер өткелі бөлігінің құрылысы басталуы тиіс. Жобаның құны – 16,9 миллиард теңге. Қазір мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Екіншіден, Тараз қаласында кәріз суларды тазарту. Жалпы, дәл қазір кәріз сулары көршілес Жамбыл ауданында орналасқан 217 гектар аумақтағы сүзгі алаңдарына құйылуда. Сүзгі алаңдары шамадан артық толғандықтан, Аса өзені мен жер асты суларының ластану қаупі бар. Сондықтан Тараз қаласының кәріз суларын тазарту кешенінің құрылысын салу бойынша Жол картасы әзірленді, – деген Бақытжан Орынбеков бірқатар мәселелерге де тоқталып өтті. Басқосуда облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы қала басшысына халықтың өмір сүруін арттыру қажеттігін мықтап тапсырды. Сондай-ақ, аймақ басшысы қалада тұрақты жаңа жұмыс орындарын құруға қабілетті кәсіпорындарды ашуға баса көңіл бөлінуі тиістігін атап өтті. Облыс әкімі бұл ретте инвестиция тартудың маңыздылығы зор екеніне айрықша тоқталды. – Қарапайым халықтың әл-ауқатын көтеру әрі өмір сүру сапасын арттыру – ең басты міндет. Осы себепті, жергілікті халықтың табысын ұлғайтуға бағытталған жұмыстарды жандандыру қажет. Қалада тұрақты жұмыс орындарын құратын кәсіпорындарды іске қосуға баса назар аударылуы тиіс. Жалпы, қала экономикасы үшін инвестиция тартудың игілігі мол. Тараз қаласының кәріз суларын тазарту кешені мен қатты қалдықтарды өңдеу зауыттарына қатысты жобаны іске қосу тиімді. Қаламыз үшін қос жобаның маңызы зор. Жауаптылар осыған баса мән беруі керек, – деді облыс әкімі. Бұдан кейін тұрғындар өздерін мазалаған сұрақтарына нақты жауап ала алды. Олар негізінен тұрғын үй құрылысы, көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу, жылу желілерін жаңғырту, ауызсу, көшелерді жарықтандыру мен қоғамдық көлік, жолдарды жөндеу, аулаларды абаттандыру және көгалдандыру мәселелерін көтерді. Өтініштерді мұқият тыңдаған Ербол Қарашөкеев мәселелердің шешу жолдарын атап өтіп, нақты жауаптар берді. Сондай-ақ, облыс әкімі қала басшылығына заң талаптарына сай жұмыс атқаруды, тараздықтар тарапынан сан сауалдың шешімін жан-жақты қарап, мерзімінде орындалуын жіті қадағалауды тапсырды. Айта кетейік, аймақ басшысы дәл осы жиыннаң соң бірқатар азаматтарды жеке қабылдап, ұсыныс-өтініштерін назарға алды.

АРАЙЛЫ ЖАҚСЫЛЫҚ
04.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 70
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 592
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 708
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 621
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 631

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8767
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8166
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11395
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9149
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10380